Мәдениет

Димаштың әкесі сүйінші сұрады

© Sputnik / Болат ШайхиновДимаш Құдайбергенов
Димаш Құдайбергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш болашақта ұстаздықпен айналысуы мүмкін, дейді Қанат Айтбаев

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген оқуын сәтті аяқтап, қолына диплом алды, деп хабарлады Sputnik 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш ата-анасын ерекше тосынсыймен қуантты

Аз уақыт ішінде әлемнің көптеген мемлекетін аралап, түрлі байқауға қатысып үлгерген Димаш Құдайберген дипломын алды. Ұлы үшін сүйінші сұраған әкесі болашақта Димаштың ғылымға бет бұруы мүмкін екенін айтып өтті.

"Димаш дипломын қолға алды. Ол жастайынан ұстаздықты жақсы көретін. Болашақта ұстаздықпен айналысуы ғажап емес. Десе де, алда не күтіп тұрғанын Алла ғана біледі. Бүгінде оқуын композиция саласы бойынша жалғастырмақ ниетте. Сол себепті жұмыс арасында концерттік шаралар арқасында көптеген ізденісін қағаз бетіне түсіріп жүр. Болашақта өзінің саласы бойынша зерттеу жұмыстары нәтиже беріп жатса, оны да көре жатармыз", — деді Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ, әнші ұлының ерекше тосынсый жасағанын айтып өтті. Димаштың өздеріне арнаған әндері толықтай көңілдерінен шыққан екен.

Жаңалықтар
0