Мәдениет

Лукашенко Роза Рымбаеваға сыйлық табыс етті

© Sputnik / Виктор ТолочкоРоза Рымбаева
Роза Рымбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Витебскте Жазғы амфитеатр жанындағы алаңда Роза Рымбаеваның атаулы жұлдызы пайда болды

АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко "Витебсктегі Славян базары-2018" халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанаты барысында қазақ эстрадасының әншісі Роза Рымбаеваға "Өнер арқылы бейбітшілік пен өзара түсіністікке" деп аталатын арнайы сыйлық табыс етті, деп хабарлайды Sputnik Беларусь тілшісі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Витебскте Роза Рымбаеваның атаулы жұлдызы пайда болған еді.

Роза Рымбаева - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Роза Рымбаеваны үкіметтік концерттерге кім шақырмай жүр?

"Мен бақыттымын!" Беларусьте Роза Рымбаеваның жұлдызы "жанды"

Sputnik Беларусь агенттігіне берген сұхбатында Рымбаева атап өткендей, бұл сыйлық – оның шығармашылығына берілген жоғары баға. 

Айта кетсек, Беларусьте 12-16 шілде аралығында "Славян базары" халықаралық өнер фестивалі өтеді.

Витебсктегі Славян базары: Димаштың жолын қуған қазақ әншісі кім?

Халықаралық байқауға Қазақстанның атынан 23 жастағы Ернар Сәдірбаев қатысады. Ол көпшілікке Әмре деген атпен белгілі. Сәдірбаев Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының төртінші курсында оқиды, R&B, Bossanova-Latino, Pop-classic, Pop жанрында ән айтады.

Жаңалықтар
0