Мәдениет

Мұхамедиұлы: бүгінгі басқосу – өнер мен мәдениеттің мерекесі

© Photo : Служба центральных коммуникацийМәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін басталған "Рухани қазына" фестивалі үш күнге жалғасады

АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Астанада мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері күніне орай тұңғыш рет "Рухани қазына" фестивалі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Фестивалдің пленарлық отырысында сөз сөйлеген мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде музейлер мен кітапханалар саны артқанын атап өтті. 

Қазақ әнін орындайтын жапон әншісі Мичида Риокко - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақ әнін орындайтын жапон әншісі Астанаға келді

"Мәдениет және спорт министрлігі "Рухани қазына" кіші бағдарламасы бойынша арнайы жобаларды жүзеге асырды. Атап айтсақ, "Туған жер", "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы", "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобалары бойынша жүйелі жұмыстар атқарылды. Біздің негізгі мақсатымыз қоғамның тарихи санасын жаңғыртып, патриотизм мен ұлттық-рухани бірлігімізді арттыру, мәдени жетістіктерімізді насихаттау болды. Осы уақыт аралығында 7 өңірде (Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, Павлодар, Алматы облыстарында) музей ашылып, 3 жаңа кітапхана (ОҚО, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында) іске қосылды. Сондай-ақ, аймақтарда 15 кітапхана модельді кітапхана үлгісінде қайта жаңартылды. Бағдарлама аясында Алматы облысында "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы және Солтүстік Қазақстан облысында латын әліпбиін зерттеу орталығы ашылды", — деді министр пленарлық отырыста.

Мұхамедиұлы интернетке қолжетімді кітапханалар саны өсіп, кітап қорлары қайта жаңарып, сандық форматқа көшіріліп жатқанын мәлімдеді.

"Белсенді оқырмандар санын көбейту үшін бірқатар өңір буккросинг, библионочи, бугдейтинг, вебинар секілді заманауи жобаларды жүзеге асыруда. Министрлік пен "Нұр Отан" партиясы бірлесіп, отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құрып, жандандыру ісін  жолға қоймақ. Нәтижесінде бірыңғай онлайн кітапхана жүйесі қалыптасып, еліміздегі барлық кітап қоры электронды форматқа көшіріледі", —деді ол.

Данэлия Төлешова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешовамен кездесті

Оның айтуынша, таяуда ұлттық әдебиетімізді дамытып, жас дарындарды қолдау мақсатында министрлік жанынан жастар кеңесі құрылған. Бүгінгі фестиваль аясында жастар кеңесінің алғашқы отырысы өтпек. Сонымен қатар, министр мемлекеттік тарихи, өлкетану музейлері мен музей-қорықтар қызметін жетілдіру және ынталандыру жұмыстарына тоқталды. 

"Музей ісіндегі экспозициялардың келушілер үшін қызықты болуын қамтамасыз етіп, коллекциялар мен музей қорларын цифрландыруға ерекше назар аудару керек. Бұл мәселе "Қасиетті Қазақстан" арнайы жобасымен біте қайнасып жатыр. Министрлік "Ұлытау", "Отырар", "Таңбалы" тарихи-мәдени музей-қорықтарының туристік тартымдылығын жақсарту мақсатында сапар-орталықтар салу жұмыстарын іске асыруда. Бұл сапар-орталықтар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, туристерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуге, мәдени-ағарту, ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыруға үлкен үлес қосады.  Сондай-ақ, республикалық "Бозоқ", "Ботай" және "Сарайшық" музей-қорықтарын құру жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр", — деді Мұхамедиұлы.  

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Мәдениет министрі Димаш Құдайбергенге қолдау көрсетуге уәде берді

Сөз соңында Арыстанбек Мұхамедиұлы "Рухани қазына" фестивалі қорытынды межеге жақындағанын мәлімдеп, мәдениет және өнер қызметкерлеріне шығармашылық табыс тіледі. 

"Бүгінгі басқосу – өнер мен мәдениеттің мерекесі. Сіз бен бізге ортақ қуаныш. Бұған дейін әр ауылдағы кітапханалар мен музейлерде басталған байқау бірнеше кезеңнен өтіп, соңына жақындады. Бұл фестивалдің мақсаты – үздік қызметкерлер мен орталықтарды саралау ғана емес, өзара тәжірбие алмасып, жаңа сапаға көтерілу үшін бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік сыйлау. Олай болса, фестиваль өз мақсатын орындап, бәріміз үшін нәтижелі болады деп сенеміз!", — деді министр.


Жаңалықтар
0