12:22 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Мәдениет
Қысқа сілтеме алу
109 0 0

Жас әнші үлкен концерттік бағдарламаны Халықаралық балалар күніне орайластырмақ

АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде туризмді дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазақстнның 100 киелі жерлер тізіміне Ақтөбе  облысынан 10 тарихи орын енді. Біз өңірге туристерді тарту да, ең алдымен, осы 10 тарихи жерді пайдаланамыз. "Ақтөбе туризмі" деген арнайы сайт әзірледік. Басқа шет елдерге сапарлағанда Ақтөбенің қасиетті, киелі жерлерін үнемі насихаттап, айтып жүреміз. Туристерге алдымен жағдай жасауымыз керек. Қазір франциялық компаниямен бірлесіп жаңа қонақ үй салып жатырмыз. Қонақ үйлер санын арттыру үшін басқа да компаниялармен келіссөз жүріп жатыр. Ресейлік компаниялармен қосымша әуе бағдарын ашу жөнінде келісудеміз", —деді облыс әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, Сапарбаев туризмнің қанатын кеңге жаю үшін Ақтөбенің тумасы, бүгінде әлемге танылған жас әнші Димаш Құдайбергенді де тартқан жөн екенін айтты.

"1 маусым халықаралық балалар күні екенін білесіздер. Осыған байланысты Димаштың бастамасымен үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Оған Димашпен бірге ән салып жүрген шетелдік әншілер қатысады", — деді аймақ басшысы.


Загрузка...

Басты тақырып