Мәдениет

Томирис ханшайымның бала кезіндегі рөлін кім сомдайды?

© Sputnik / Серикжан КовланбаевТомирис
Томирис - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Томирис" фильмінде ханшайымның дүниеге келген сәтінен бастап парсы патшасы Кирді жеңген кезіне дейінгі тарих баяндалады

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. "Томирис" фильмінің режиссері Ақан Сатаев Instagram парақшасында Томирис ханшайымның бала кезіндегі рөліне жарияланған кастингтің қалай өтіп жатқанын жазды.

Режиссердің айтуынша, бала кезін сомдауға екі қыз таңдалыпты. Массагеттер ханшайымының 10 жастағы кезін Лия Фомина, ал 15 жасар Томиристі Салтанат Серкебаева сомдайды.

 

 

Сатаев атап өткендей, Томиристің 3 және 5 жастағы кезін сомдайтын қыздарды таңдау үшін кастинг әлі жалғасып жатыр.

Жалпы Томиристің бала кезіндегі рөліне 12 мың сұраным түсіпті.

Жаңалықтар
0