Мәдениет

Бауыржан Байбек Данэлия Төлешовамен кездесті

© Photo : акимат АлматыБауыржан Байбек Данэлия Төлешовамен кездесті
Бауыржан Байбек Данэлия Төлешовамен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Данэлия Төлешова Алматы әкімінің жаңа жылдық шыршасында ән айтты

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек "Голос. Дети. Украина" шоуының жеңімпазы Данэлия Төлешовамен кездесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Данэлия Төлешова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешовамен кездесті

Алматы әкімінің жаңа жылдық шыршасында Бауыржан Байбек дарынды бүлдіршінді "Голос. Дети. Украина" шоуындағы жеңісімен құттықтады.

"Әр баланың жетістігі — бұл барша еліміздің жетістігі. Данэлия, барлық қазақстандықтар сен үшін мақтанады. Саған зор табыстар тілеймін, дарынды баладан әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналуыңа тілектеспін. Мен сенің анаң Еленаны да құттықтаймын. Әр бала жеңісінің артында ата — аналардың, әсіресе оның анасының зор еңбегі тұрады", — деді Бауыржан Байбек.

Бұдан бұрын мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешовамен кездесіп, сыйлық табыстаған болатын.

Жаңалықтар
0