Мәдениет

"Оралман" фильмі Германияда арнайы жүлде алды

© Photo : "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі"Оралман" фильмінен кадр
Оралман фильмінен кадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Фильм ХХ ғасырдың 30-жылдары қызыл әскердің жендеттерінен Ауғанстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасы туралы

АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. 9-19 қараша аралығында Германияда өткен 66-шы халықаралық Мангейм-Хайдельберг (International Filmfestival Mannheim-Heidelberg) кинофестивалінде "Оралман" фильмі үздік жетістіктері үшін арнайы жүлдемен марапатталды, деп хабарлайды "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі.

© Photo : "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі"Оралман" фильмі Германияда арнайы жүлде алды
Оралман фильмі Германияда арнайы жүлде алды - Sputnik Қазақстан
"Оралман" фильмі Германияда арнайы жүлде алды

Сондай-ақ, кинофестиваль ұйымдастырушылары "Оралман" фильмін Германияда прокатқа шығаруды ұсынды.

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірді. Режиссері – Сәбит Құрманбеков.

Рубен Эстлунд - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Шаршы" фильмі Алтын пальма бұтағының иегері атанды

"Оралман" фильмі 66-шы халықаралық Мангейм-Хайдельберг  кинофестивалінің негізгі бағдарламасына іріктелініп алынған болатын. Биыл фестивальдің бас жүлдесіне 22 елден 21 картина таласты. 

"Мәдени және діни өзгешеліктеріне қарамастан, өз еліне қайта оралған отбасының драмалық оқиғасы эмоционалды әсерлі баяндалғаны үшін марапатталады", — делінген фестивальдің ресми сайтында.  

Мангейм-Гейдельберг кинофестивалінің қорытындысы бойынша, байқаудың "Үздік толықметражды фильм" бас жүлдесі режиссер Вито Пальмиеримнің "Техаста көрісерміз" атты итальяндық картинасына бұйырды. Ал филиппиндік режиссер Багане Фиол түсірген "Ормандағы серуен" фестивальдің арнайы жүлдесімен марапатталды. 

Сонымен қатар, "Күзетші" (Доминикан Республикасы, Пуэрто-Рико, Бразилия), "Қасиетті ауа" (Израиль) және "Мұртаза" (Түркия) фильмдері қазылар алқасының құрметті сыйлықтарымен марапатталды.

Халықаралық Мангейм-Хайдельберг кинофестивалі 1952 жылдан бері өткізіліп келеді. 

Естеріңізге сала кетсек, "Оралман" көркем фильмі осы жылдың басында Иран астанасы Тегеранда өткен  35-ші халықаралық Фаджр кинофестивалі мен XIII халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Фильмде басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда қыркүйек айында Татарстанда өткен XIII халықаралық мұсылмандар киносы фестивалінде "Үздік ер адам рөлі" жүлдесімен марапатталды.

© Photo : "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі"Оралман" көркем фильмі
Оралман көркем фильмі - Sputnik Қазақстан
"Оралман" көркем фильмі

Сондай-ақ, картина Италияда өткен ХХ халықаралық "Religion Today" кинофестивалінде "Үздік фильм" номинациясында жеңіске жетіп, тәуелсіз SIGNIS қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді. 

Айта кетелік, Башқұртстанда желтоқсанда өтетін IV халықаралық "Күміс Ақбозат" кинофестивалі "Оралман" фильмімен ашылады.

Жаңалықтар
0