Мәдениет

Қытайда Димаштың құрметіне шығарылған ұшақ алғаш рет ұшырылды

Жазылу
Атақты қазақстандық әншінің суреті бейнеленген ұшақ алғаш рет ұшырылды

АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Атақты қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің суреті бейнеленген ұшақ алғаш рет ұшырылды.

Димаш Кудайбергенов на кинофестивале Евразия - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайберген тағы бір музыкалық жүлдеге ие болды

"Алғашқы суретім бейнеленген ұшақ бүгін бірінші рет әуеге ұшты. Барша құттықтауларыңызға рахмет. Алда әлі талай қуантамын Сіздерді, құрметті тыңдарман тілеулес қауым!", — деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Бұл оқиғаға қатысты қазақстандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы да пікірін білдірді.

"Біздің көршілердің толеранттығына таңғаламын, тәнтімін! Біздің ұшаққа қытай әншісінің бейнесін салып қойса, не болар еді?!", — деп жазды ол.

Жаңалықтар
0