Мәдениет

Астанадағы Салтанат қақпасында көру алаңы ашылады

© SputnikТриумфальная арка
Триумфальная арка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы көру алаңы Париждегі көру алаңы негізінде жасалған

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Астана қаласындағы "Мәңгілік ел" салтанат қақпасындағы көру алаңы 21,5 метр биіктікте орналасқан. 

"Көру алаңы тек ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде ғана емес, тұрақты негізде жұмыс істейтін болады. Ересектер үшін билет құны 700 теңге, ал балалар үшін – 350 теңге шамасында болады", — деп хабарлады Астана мәдениет басқармасының жетекшісі Болат Мажағұлов. 

Елордалық әкімдікте атап көрсеткендей,  көру алаңында заманауи өнер галереясы – көрме ұйымдастырылады.

Астанадағы көру алаңы Париждегі көру алаңы негізінде жасалған. 


Жаңалықтар
0