Мәдениет

Қазақ тіліне аударылған бірқатар халықаралық термин қайта өзгертіледі

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте РКМинистр культуры и спорта Казахстана Арыстанбек Мухамедиулы
Министр культуры и спорта Казахстана Арыстанбек Мухамедиулы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұрағат-архив, мәселе - проблема, үдеріс - процесс болып қайта бекітілді

АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Терминология комитеті қазақ тіліне аударылған бірқатар халықаралық терминді қалпына келтірген. Бұл жұмыс биылғы жылы да жүргізіледі, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

"Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін көтеруде терминология және ономастика мәселелерінің орны ерекше. Бұл бағытта мақсатты жұмыстар жүргізілді. Есептік кезеңде сегіз мыңнан аса термин бекітілді. 2014  жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес халық арасында әркелкі қолданылып, қоғамда келеңсіздіктер тудырған бірқатар терминді терминология комиссиясы қарап, бекітті. Мысалы, 2014  жылы желтоқсан айында ауызекі тілде қолданылып жүрген шаптырма, бұрқақ, субұрқақ сөзі халықаралық қолданыстағы фонтан болып қайта өзгертілді", — деп баяндады Мұхамедиұлы үкімет отырысында. 

Бұдан бөлек, күйсандық — пианино, оташы — хирург, мұражай — музей болып, қисын — логика, сазгер — композитор, ғаламтор — интернет болып бекітілген. 

"Сондай-ақ, терминкомда бекітіліп, жарыспалы түрде қолданылып жүрген бірқатар термин қайта қаралып, реттелді. Мысалы, мұрағат-архив, мәселе — проблема, үдеріс — процесс болып қайта бекітілді. Ағымдағы жылы терминкомда бірқатар халықаралық терминді қайта қарау  жоспарланып отыр. Мысалы, пайыз процент сөзіне, әнұран гимн сөзіне, иегері сөзінің орнына лауреат терминін бекітуді ұсынып отырмыз", — деді министр. 


Жаңалықтар
0