Мәдениет

Лара Фабиан мен Димаш Құдайберген дуэт орындайды

Жазылу
ЭКСПО көрмесі аясында Лара Фабиан Астанаға келеді

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Астанада Димаш Құдайбергеннің үлкен шоу концерті өтіп, осы кеште әнші белгілі әлемдік жұлдыз Лара Фабианмен дуэт орындайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады. 

Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайберген Францияға не үшін барды

"Димаш Құдайбергеннің үлкен концертін өткізуге біз міндеттіміз. Осындай бірегей таланытымыз бола тұра, оған мүмкіндіек бермеу дұрыс болмас еді. Біз Димашпен 27 маусымға күні концерт өткізу бойынша келісімге қол қойдық. "Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана-арена" стадионында өтеді", — деді министр баспасөз мәслихатында.

Министр Астанаға тек Димашпен бірге ән орындайтын әлемдік жұлдыздар келетінін атап өтті.

"Біз қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Лара Фабианмен, ағайынды Меладзелермен келісім бар. Қазір өзге де орындаушылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біздің басты мақсатымыз — басты фигура Димаш Құдайберген болады. Тек Димашпен бірге айтатын әншілерді ғана шақырамыз. Не Қазақстанды, не Димаш Құдайбергенді білмейтін, концертке ғана келетін жұлдызды шақырмаймыз. Тек Димашпен бірге ән шырқағысы келетін адамдар ғана келеді", — деді Мұхамедиұлы. 

"Екі апта ішінде технкиалық сұрақтарды шешеміз. Тек концерт емес, керемет шоу болады. Екі аптадан кейін билеттерді сата бастаймыз", — деді Мұхамедиұлы.

Сонымен бірге министр билет бағасы халық үшін қолжетімді болатынын атап өтті. 

 

Жаңалықтар
0