Мәдениет

"Астана Опера" балет труппасы Мариин театрында өнер көрсетеді

© Photo : пресс-служба театра "Астана Опера""Париж Құдай ана соборы" балеті
Париж Құдай ана соборы балеті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылы 1-2 ақпан аралығында қазақстандық әртістер Санкт-Петербург халқына Морис Жаррдың "Париж Құдай ана соборы" балетін қояды.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik.  Қойылымға 80 балет әртісі, музыканттар мен "Астана Опера" симфониялық оркестр әртістері қатысады деп хабарлады театр баспасөз қызметі. 

Квазимодо партиясын көптеген конкурстардың Гран-при иегері Бақтияр Адамжан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітбеков орындайды. Ал, Эсмеральда рөлін халықаралық конкурстар лауреаты Айгерім Бекетаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мадина Бесбаева сомдайды. Фебаның рөлін  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандос Әубәкіров, халықаралық конкурстардың лауреаты Арман Оразов сомдап, Клод Фролло кейіпкерін халықаралық конкурстардың лауреаттары Ғазиз Рысқұлов пен Серік Нақысбеков сахнаға алып шығады. 

"Бұл қойылым біз үшін сынақ іспетті, абыроймен өтуге тырысамыз. Басты мақсатымыз –  қарыштап дамып келе жатқан жас театрды жақсы қырынан көрсету. Бұл қойылым мойнымдағы жауапкершілікті үш есе арттырып, қатты қобалжып жүрмін", — деді "Астана Опера" балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова. 

Жаңалықтар
0