10:50 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Компания жаңалықтары
Қысқа сілтеме алу
38 0 0

Бүгін, 15 қыркүйекте Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы 5 жылдығын атап өтуде

Sputnik әр елдің өз ұлттық мүддесі, мәдениеті, тарихы мен салт-дәстүрі бар әлемді танытып келеді. Рейтингтердегі жетекші позициялар, жүз мыңдаған материал, саналуан формат, танымалдылық пен аудитория сенімі – Sputnik Қазақстан командасының күн сайынғы еңбегінің жемісі.

Бүгінде агенттік Қазақстанда әлеуметтік желіде ең көп сілтеме жасалатын онлайн-басылымның үздік үштігіне еніп отыр. Посткеңестік кеңістіктегі орыстілді БАҚ арасындағы танымалдылығы басылымды 100 үздіктің қатарына енгізді.

Пресс-конференция о конкурсе на самый зеленый офис в студии Sputnik Казахстан
© Sputnik / Абзал Калиев
Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен жиын

Бес жыл ішінде агенттік аудиториясы 90 миллион пайдаланушыға дейін өсті. Оның үстіне, агенттік жаңалығын оқитын адамдар географиясы алуан түрлі. Олардың қатарында Қазақстан ғана емес, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, АҚШ пен қиыр және таяу шетелдегі бірқатар мемлекет те бар. Әлеуметтік желідегі аудитория саны да кеңейіп келеді - бүгінде шамамен 500 мың оқырманы бар.

Осы жылдар ішінде Sputnik Қазақстан тілшілері Қазақстан президентінен алғыс алып, "Үркер" ұлттық сыйлығының номинанты және жеңімпазы атанды. Мемлекеттік сыйлық – "Халық алғысы" медалін тағып, ведомстволық медальдармен марапатталды. Журналистер арасындағы халықаралық және республикалық байқаулардың жүлделі орындарын иеленді.

Нургуль Аубакирова
© Sputnik / Абзал Калиев
Sputnik Қазақстан тілшісі президент Қасым-Жомарт Тоқаев атынан алғыс хат алды

"Бес жыл көп болмағанымен, бұл да тарих. Осы жылдар ішінде 140 мыңнан астам материал, мыңдаған эксклюзивті фото және видеоконтент дайындалды. Жеделділік, шынайылық, адалдық, креативтілік – біз ұмтылатын мақсат. Сұранысты жоғалтпай миллиондаған аудитория сенімін ақтау үшін одан әрі де осы қағидаттарды ұстануды жалғастыра береміз", - деді Қазақстандағы "Россия сегодня" ХАА өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов.

Корреспондент Sputnik Казахстан Ольга Тонконог-Дарибаева стала лауреатом конкурса ко Дню Независимости
© Photo : Пресс-служба Региональной службы коммуникаций Алматы
Sputnik Қазақстан тілшісі Ольга Тонконог-Дәрібаева Тәуелсіздік күніне арналған байқау лауреаты атанды

Sputnik Қазақстан активтерінің қатарында қазақ және орыс тіліндегі ақпарат порталы, жоғары технологиялық жеке баспасөз орталығы, интернет-радио, әлеуметтік желі парақшалары бар. Агенттіктің мультимедиялық мүмкіндігі оқиғалар туралы түрлі форматта хабар таратуға және ақпаратты кең аудиторияға жеткізуге қауқарлы. Агенттік жедел жаңалықтан бөлек, эксклюзивті сұхбат, сараптамалық материал, оқиға орнынан репортаж, аудиоподкаст, видеоролик, инфографика, тікелей эфир де дайындайды.

"Sputnik Қазақстан агенттігі Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосуды, мәдени-гуманитарлық жобаларға ақпараттық қолдау көрсетуді, спорттағы жетістіктер туралы жазуды жалғастыра береді", - деді Sputnik Қазақстан шеф-редакторы Динара Досмұхаметова.

Sputnik Қазақстан баспасөз орталығының алаңында 200-ден астам ақпараттық іс-шара өткізілген. Тікелей эфир арқылы қосылатын баспасөз конференция, видеокөпір, дөңгелек үстел, презентация кезінде өзекті тақырыптар талқыланып, сарапшыларға эксперттік пікір білдіруге, журналистерге сауал жолдауға мүмкіндік беріледі.

Агенттік әріптестер және жас мамандармен білім жәні тәжірибе алмасуды да маңызды миссияны бірі деп санайды. SputnikPro ағартушылық жобасының аясында Sputnik жетекші медиаменеджерлері мен танымал ресейлік медиасарапшылар қазақстандық БАҚ өкілдеріне, баспасөз қызметінің қызметкерлеріне, сондай-ақ журналистика факультеті студенттеріне арналған ондаған шеберлік сағаты, вебинар, тренинг өткізіп, медиа саласындағы заманауи трендтерді талқылады.

Sputnik - халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосы - Ресейдің "Россия сегодня" медиатобының бір бөлігі. Sputnik 32 тілдегі интернет-сайтты, әлемнің 90-нан астам қаласындағы аналогтық және цифрлық радио хабар тарату жүйесін және ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдеріндегі жаңалықтар сайтын қамтиды.

Sputnik әр елдің өз ұлттық мүддесі, мәдениеті, тарихы мен салт-дәстүрі бар көпполярлы әлемді танытып келеді.

Загрузка...

Басты тақырып