Экономика

Made in Russia: Ресейдің жүк көлігі Қазақстан нарығын қалай жаулап алды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуАвтомобильный завод "Камаз" в Татарстане
Автомобильный завод Камаз в Татарстане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл елу жылдығын атап өткелі отырған "КАМАЗ" компаниясы Қазақстан нарығында ойып тұрып орын алып қана қоймай, бірлескен кәсіпорындарды дамыту бағытында қарқынды жұмыс істеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз - Sputnik. 2017 жылы Ресейде ресейлік брендтер мен өнімдерді шетелде таныту бағдарламасы басталды - Made in Russia ("Ресейде жасалған"). Ресейдің экспорт орталығының сертификатын алғашқылардың бірі болып "КАМАЗ" жүк көлігін өндіруші иеленді. Қазақстанда ресейлік техниканың неге кең тарағанын Sputnik Қазақстан әңгімелейді.

Жоғары сапа және заманауи шешімдер

Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда КАМАЗ салмағы 7,5 тоннадан асатын жүк көліктері арасында өте көп кездеседі. Таза ресейлік импортқа көліктердің 66,09% үлесі тиесілі болса, қалған 33,91% – ішкі нарыққа техника өндіруші Қазақстан мен Ресейдің бірлескен кәсіпорны "КамАЗ-Инжиниринг" АҚ-ның еншісінде.

Беделі жоғары "КАМАЗ" компаниясы биыл елу жылдығын атап өтеді, өнімдерінің ауқымы кең және ірі клиенттік базасы бар. Бірақ мұнымен шектелуге болмайды.

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өту"КАМАЗ" автомобиль зауыты
Made in Russia: Ресейдің жүк көлігі Қазақстан нарығын қалай жаулап алды - Sputnik Қазақстан
"КАМАЗ" автомобиль зауыты

Өйткені Қазақстанда ресейлік брендтің бәскелестері бар – шведтік VOLVO, голландиялық DAF 100% импорттаушы болып отыр. Соңғы жылдары "қытайлық экспанися" да күшейіп келеді. Қазақстанда танымалдығы бойынша төртінші орында  Қытайдың SHACMAN компаниясы. Сатылған көліктерінің жалпы санының 17,56%-і Қазақстанмен бірлескен "СеМаз" кәсіпорнына тиесілі.

"Қазақстан Республикасы нарығында КАМАЗ жүк көлігінің сатылу мөлшері орташа жылдық есеппен жылына 1,5 мың көлік", - дейді "КАМАЗ" сыртқы сауда компаниясының бас директоры Рафаил Гафеев.

Тағы оқыңыз: Ресей Қазақстанның басты одақтасы болып қала береді - Назарбаев

Ең сұранысқа ие арнайы техника – сұйық зат таситын көлік, коммуналдық және жол жөндеу техникасы, өрт сөндіргіш көлік, жүкті өзі түсіретін көліктер, ершікті тартқыш көлік.

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өту"КАМАЗ" автомобиль зауыты
Made in Russia: Ресейдің жүк көлігі Қазақстан нарығын қалай жаулап алды - Sputnik Қазақстан
"КАМАЗ" автомобиль зауыты

Гафеевтің айтуынша, қазақстандық нарықтың өзіндік ерекшелігі бар, ол 2-3 жыл ішіндегі ресейлік нарықтың үрдістерін қайталап отырады.

"Қазір Қазақстан нарығына қызмет көрсетуде сенімді әрі қарапайым көліктер қажет, сондай-ақ тұтынушы ненің қолайлы екенін біледі, оның деңгейін көтеруді және көліктің тұтынушылық қасиеттерін арттыруды күтеді", - деп атап өтті Сыртқы сауда компаниясының басшысы.

Компания мәліметінше, Қазақстанның жүк көлігі нарығында КАМАЗ арнайы техникаға арналған шасси сегментінде алдыңғы қатарда тұр.

Жүкті өзі түсіретін көліктер арасында КАМАЗ бен қытай көліктерін импорттаушылар арасында қызу бәскелестік байқалады. Ершікті тартқыш көліктер арасында компания үлкен сегіздіктің еуропалық өндірушілерімен бақ сынасып жүр.

Бәскелестіктің болғаны тұтынушыға жақсы, себебі өндіруші жаңа өнімін ең тиімді шартпен ұсынуға тырысады.

Екінші жағынан, Made in Russia бағдарламасы нарықтағы күресте қосымша басымдық береді, яғни сапа мен қауіпсіздіктің кепілі бола отырып, тезірек байланыс орнатуға септігін тигізеді.

Жүк көліктері – мұнайлы өңірлер мен ірі қалаларға

КАМАЗ жүк көліктері негізінен Атырау облысына экспортталады. Екінші орында – Маңғыстау облысы тұр. Үшінші және төртінші орын қарыштап дамып келе жатқан Алматы мен Нұр-Сұлтанға тиесілі.

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өту"КАМАЗ" автомобиль зауыты
Made in Russia: Ресейдің жүк көлігі Қазақстан нарығын қалай жаулап алды - Sputnik Қазақстан
"КАМАЗ" автомобиль зауыты

"Бұл ең бірінші кезекте осы өңірлердің экономикасымен байланысты. Атырау облысында экономиканың негізі – мұнай өндіру, мұнда КАМАЗ-дың негізгі клиенттері бар – мұнай өндіру және өңдеумен айналысатын ірі кәсіпорындар. Маңғыстау облысында бірегей өндірістік кешен орналасқан –Маңғышлақ атомдық энергетикалық комбинаты. Мұнда да біздің техника сұранысқа ие", - дейді Гафеев.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Ресей Алматыда Ми тікұшағын құрастырады

Айта кетсек, Қазақстанда импорт жергілікті өндірістен асып түседі, себебі Набережные Челны қаласындағы "КАМАЗ" компаниясы ұсынатын өнімдер ауқымы "КАМАЗ-Инжинирингтікінен" әлдеқайда кең.

Клиентке Қазақстан аумағында құрастырылмайтын көлік керек болса, автомобиль Ресейде жасалып, кәсіпорынға жеткізіледі.

"ЕАЭО-да жасалған"

Еуразиялық экономикалық одақ өзінің мүшелеріне айрықша басымдықтар береді. Заңнаманың үйлесімділігі, ортақ стандарттар, әкелім бажының жоқтығы және жұмыс күшінің еркін айналымы ішкі сауданы ғана емес, бірлескен кәсіпорындарды да дамытуға қолайлы жағдай туғызады.

"Қазақстанда 2005 жылдан бері "КАМАЗ-Инжиниринг"АҚ бірлескен құрастыру кәсіпорны сәтті жұмыс істеп келеді. Оның басты мақсаты – республиканың заманауи автотехникаға сұранысын барынша қамтамасыз ету. Қазір кәсіпорында 30-ға тарта техника түрі құрастырылады. Бұл шасси, борттық көліктер, жүкті өзі түсіретін көліктер, ершікті тасығыштар сияқты негізгі көліктер, сондай-ақ КАМАЗ шассиі негізінде жасалған арнайы көліктер", - деп еске сала өтті Гафеев.

Алайда қазір КАМАЗ қазақстандық серіктестерімен бірге арнайы техниканың ауқымын кеңейту бағытында қарқынды жұмыс істеп жатыр.

Тағы оқыңыз: Ресей мен Қазақстан арасында жүк тасымалдау көлемі ұлғайды

Жаңа ресейлік-қазақстандық кәсіпорын Қостанай индустриялық аумағында ашылмақ. Қазақстан жағынан "Агромашхолдинг" АҚ серіктес болғалы отыр.

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өту"КАМАЗ" автомобиль зауыты
Made in Russia: Ресейдің жүк көлігі Қазақстан нарығын қалай жаулап алды - Sputnik Қазақстан
"КАМАЗ" автомобиль зауыты

Бұл жобаны іске асыру екі кезеңнен тұрады. Бастапқыда Қазақстанға Ресейден арнайы қондырмалар әкелініп, құрастырылып, КАМАЗ шассиінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Екінші кезеңде арнайы қондырма элемменттерін өндіру Қазақстан аумағында орнығатын болады.

Жоспар бойынша өрт сөндіргіш, жол жөндеу, құрылыс көліктері, сұйық зат таситын техника және КАМАЗ шассиіндегі кран-манипуляторы бар техника шығарылмақ.

"Техника және көлік бөлшектерін өндіретін "КАМАЗ" ҚАҚ жобасы биыл Мәскеуде Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров қол қойған Ресей мен Қазақстанның өнеркәсіптік кооперациясы бағдарламасына кіреді. Қазақстандағы зауыттарда шығарылатын өнім экспортқа бағытталған және ТМД елдерін, сондай-ақ 2018 жылы КАМАЗ-дың акционері атанған Daimler AG (Mercedes-Benz) концернін қамтитын жаһандық тізбекке ілігеді", - деп пікір білдірді Ресей Федерациясының Қазақстандағы сауда өкілі Максим Кочетков.

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өту"КАМАЗ" автомобиль зауыты
Made in Russia: Ресейдің жүк көлігі Қазақстан нарығын қалай жаулап алды - Sputnik Қазақстан
"КАМАЗ" автомобиль зауыты

Сауда өкілдігі бағдарлама кезеңдерін бақылап, жоба қатысушыларымен өзара іс-қимылды қадағалайды.

"Ресей мен Қазақстанның көлік құрастыру саласындағы бірлескен жұмысы екі елдің өнеркәсіптік кооперациясын дамытудың кілті болып табылады", - дейді Кочетков.

Зауыттар 2022 жылдың алғашқы жартысында жұмыс істей бастайды. Қазір индустриялық аумақта бірлескен кәсіпорынға 31 гектар учаске бөлінген. Құю зауытын жобалау басталды, бәсеңдеткіштерді өндіру зауытын жобалаушы компаниямен келіссөз жүріп жатыр. Құрылыс келесі жылы басталып, 2021 жылы құрылғылар сатып алынып, жеткізіледі. Жобаға құйылған инвестиция көлемі анықталды.

Материал коммерциялық негізде жазылған.

Жаңалықтар
0