19:21 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
77 0 0

Вашингтон НАТО-ны 1997 жылдағы шекараға дейін қысқарту туралы Мәскеу талабын толығымен кері қайтарды

Солтүстікатлантикалық альянс Ресеймен келіссөзге НАТО-дағы АҚШ-тың тұрақты өкілдігі бойынша Мәскеу талаптарын елемеу ұстанымы арқылы кірісті. Бұл серіктестер қандай да бір ымыраға келуі мүмкін емес екенін аңғартып отыр. Сондықтан 10 қаңтардағы ресейлік-америкалық кездесуден кейінгі екінші саяси тығырыққа айналатын түрі бар. Осыған қарағанда, Батыс Ресей өз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қаншалықты батыл екенін әлі түсінбеген секілді.

Шығыс Еуропаға қарай НАТО-ның одан әрі кеңеюіне, америкалық әскер мен қару-жарақ орналасуына, Пентагон маневрлеріне тоқтау болуы керек – бұл Америка және олардың гибридті "құралдарымен" (НАТО мен ЕҚЫҰ) арадағы әскери-саяси диалогтағы Мәскеудің басты талабы. РФ мен АҚШ арасындағы қауіпсіздік кепілдігі туралы келісімнің ресейлік жобасы әлдеқайда толыққанды әрі құрылымды болып көрінеді. Құжаттағы талаптарды арасынан теріп-жиып қабылдауға болмайды. Ресей де дәл осындай міндеттер мен кепілдікерді өз мойнына алуға дайын екенін ұмытпау керек.

Бірақ америкалықтар құжат талаптарын орындауға дайын емес секілді. Вашингтон НАТО-ны 1997 жылдағы шекараға дейін қысқарту туралы Мәскеу талабын толығымен кері қайтарды. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман қару-жарақты бақылау сынды күрделі мәселелер ұзақ және созылмалы келіссөзді қажет ететінін мәлімдеді.

Ақ үй өкілдері 10 қаңтарда бұл мәселені Еуропаның араласуынсыз шешуге болмайтынын алға тартты. Жалпы Вашингтонның бұл мәселедегі шешуші түйінді еуропалық одақтастары мен Украинаға қарай бұруы шешім мен жауапкершіліктен жалтару мақсатында тактикалық маневр жасауы деп бағалауға болады. Бұл НАТО әскерін Украинаға қайта орналастыру және қосымша қару-жарақ жеткізу үшін америкалықтардың уақыт созу амалы болуы мүмкін. Еске салсақ, 2014-2021 жылдар аралығында Вашингтон Киевке 2 миллиард долларға әскери көмек көрсетсе, 2022 жылы бұл сома 300 миллион доллар болады деп көзделіп отыр.

Сондықтан 12 қаңтарда НАТО және 13 қаңтарда ЕҚЫҰ-мен кездесуі қандай да бір нәтиже береді дегенге сену қиын. Өйткені АҚШ пен НАТО ресейлік тарап ұсынған қауіпсіздік жөніндегі кепілдік талаптарын қабылдамақ түгілі қарастыру және талқылаудан бас тартып отыр. Қалай болғанда да соңғы шешім қабылдайтын ұжымдық Батыс екенін естен шығармау керек.

Егер жағдай ушықса, онда НАТО-ның Ресеймен соғысуы кезінде Шығыс Еуропадағы көп мемлекет майданның алдыңғы шебінде тұрады. Негізінен Балтық елдері, Польша, Румыния қатты зардап шегеді. Ұлттық қауіпсіздік мәселесінде Солтүстікатлантикалық альянспен етене ынтымақтастық орнатқан Украина мен Молдованың да жағдайы мәз болмасы анық.

Біраз бұрын Мәскеу Украина мен НАТО ынтымақтастығын тоқтатып, Киевтің осы әскери блокқа мүше боламын деген райынан қайтару керек деген нақты ұстанымын атады. Жаһандық қауіпсіздікке байланысты "ашық есік" саясатын жабатын уақыт келді. Днепр – АҚШ пен альянс әскері үшін қызыл сызық. Бірақ Вашингтон Украинаның және басқа да мемлекеттердің НАТО-ға мүше болуына тоқтау қоятын сыңай танытпай отыр. Америкалық әскери қызметкерлер Украина территориясында әскери-теңіз күштері мен әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс құралдарын нығайтуды, Украина қарулы күштері мамандарын даярлауды және бірлескен оқу-жаттығулар өткізуді жалғастырып жатыр.

12 қаңтарда Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов америкалық тарапты "әскери әлеуетін Ресей шекарасынан алшақтатуға", жауапкершілік танытуға және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырды.

Одан біраз бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси істер жөніндегі орынбасары Виктория Нуланд Финляндия мен Швецияға НАТО-ға мүше болу жайын талқылауды ұсынды.

Мәскеу отыз жыл бойы Еуропа мен әлемдегі әскери шиеленісті бәсеңдетуге тырысып жатыр: өз бастамасы және Батыспен ынтымақтастық аясында Германияны біріктіруге мүмкіндік берді, Варшава келісіміндегі елдерден әскери топтарды шығарды, 1991 жылы НАТО-ға қарсы жауап ретінде құрылған осы әскери блокты таратты, Ресей Вьетнам мен Кубадағы өз әскери базаларын жапты.

Бірақ достық пен тату көршілікке әлі қол жетпеді – Вашингтон 30 жыл бойы Солтүстікатлантикалық альянсты шығысқа қарай кеңеюге және Украинаны қоса алғанда посткеңестік кеңістікті әскери игеруге итермелеп отыр. 2014 жылы Киевтегі мемлекеттік төңкерістен кейін НАТО шығыс аймақтағы Жедел әрекет ету күштерінің санын үш есе арттырды.

10 қаңтарда НАТО жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Джулианна Смит "Ресей соңғы жиырма жылда еуропалық қауіпсіздіктің басты қаупіне айналды" деген пікір білдірді. Сондықтан 11 қаңтарда РФ Батыс әскери округінің әскері Воронеж, Белгород, Брянск пен Смоленск облыстарындағы полигондарда әскери дайындыққа кірісіп кетті. Батыс әскери округінің баспасөз қызметі Украина шекарасына жақын маңда Батыстағылар айтқандай жүз мың емес, небәрі үш мың әскери сарбаз шоғырланғанын айтты. АҚШ Мемлекеттік хатшысы түсінік беруді талап еткенде, Ресей ел ішінде өз армиясын қайда орналастыру және қандай оқу-жаттығу өткізу Мәскеудің жеке ішкі мәселесі екенін мәлімдеді.

Ұлттық қауіпсіздік басты әлеует болғандықтан, РФ Қарулы күштеріне жақын уаақытта Су-57 жаңа жойғыш ұшақтары, "Ярс", "Авангард" пен "Сармат" континентаралық баллистикалық зымыраны, Ту-160М стратегиялық зымыран тасымалдағышы, "Борей-А" жобасының атомды суасты крейсері, мыңнан астам заманауи броньді танк пен артиллериялық қару-жарақ, С-400 "Триумф" зениттік зымыран жүйесінің дивизиялық кешендері, суасты қайықтары мен суүсті кемелері жеткізіледі. 2022 жылы "Сармат" және Авангард" техникаларын іске қосу бойынша ауқымды жоспар қарастырылып отыр.

АҚШ пен Ресейдің ядролық соғыс ешкімге жеңіс әкелмейтіні және ешқашан ядролық соғысқа бармау керектігі туралы ойлары бір жерден шығатыны қуантады. Бірақ басқа қарумен-ақ қырғи-қабақ соғыс жүргізуге әбден болады. Сондықтан АҚҚШ-тың "Ресеймен ешқандай мәміле жүргізілмеуі керек" деген ұстанымы әлемге бейбітшілік алып келмейтіні белгілі.

10-13 қаңтарда АҚШ, НАТО және ЕҚЫҰ-мен келіссөз тығырыққа тіреліп, ешқандай нәтиже бермесе, РФ ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін біржақты әскери шаралар қабылдауға толық құқылы болады. Сол себепті АҚШ пен НАТО мейлінше қысқа мерзімде ресейлік қауіпсіздік жөніндегі ұсыныстарды қарастырып, нақты шешім қабылдауы керек.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы

Загрузка...

Басты тақырып