18:29 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
60 0 0

Әскери-теңіз флоты эшелондалған жағалау қорғанысы құрамындағы "Бал" кемеге қарсы мобильді зымыран кешендерінің дивизиондары Ресейдің теңіз шекарасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан — Sputnik. Бұл кешен тұрақты жетілдіріліп, оны жауынгерлік қолдану да күрделеніп келеді.

"Бал" жағалау зымыран кешені жаңа зымыранының сынақтары қарсылас кемесін 500 километрден астам қашықтықтан жою қабілетін, ал жаңа бағыттау жүйесі құрлықтағы нысандарды да жоюға болатынын растады. Осылайша "Бал" кешенінің Х-35У зымырандары техникалық мүмкіндіктері жағынан "Бастион" кешеніне жататын 800 километр қашықтықта ұшатын "Оникс" П-800 қуатты гипердыбысты зымырандарына жақындады.

Біраз бұрын "Бал" қарулануында сәйкесінше 120 километр және 260 километрге ұша алатын Х-35 және Х-35У зымырандары болды. Ал модернизацияланған Х-35Э 300 километрге ұшып, оны пилотсыз аппарат арқылы басқаруға болады. Дивизион бір оқ ату арқылы 32 зымыранды ұшыра алады және тағы 32 зымыран жедел оқталады.

2021 жылғы ашық дерекке сүйенсек, Ресей ӘТФ-да қарулануда өздігінен жүретін 40 дана "Бал" іске қосу қондырғысы мен 52 "Бастион" қондырғысы бар. Сонда жалпы саны 500 километрге ұшатын 424 зымыран қатарда тұр. Бұл Ресей теңізінің жағалауында қоғаныс қуатты бола бастағанын білдіреді.

"Бал" мобильді жағалау зымыран кешені Ресей ӘТФ жағалау қорғанысы күштері құрамында әрекет етеді. Ол аймақтық суларды, әскери-теңіз базаларын, инфрақұрылымның стратегиялық нысандарын қорғауға және десантқа қарсы күрес жүргізуге арналған.

"Бал" Қырым жартылай түбегі мен Калининград облысы, Арктикалық аймақ, Қиыр Шығыстағы жағалау күзетін әлдеқайда күшейтті. Жақында өткен ӘТФ оқу-жаттығуы кезінде кемелер нысандарды анықтап, координаттарды жағалау зымыран кешендеріне жолдап отырды. Ал зымыран кешендері қарсыласқа тиісті дегейде соққы жасады.

"Бал" жағалау зымыран кешені "Бастион" соққы жасау аумағын тығыздау мақсатында дайындалған дәлдігі жоғары ақылды қару. Кешен тапсырмаларды автономды түрде және басқа да қорғаныс жүйелері құрамында орындай алады. Шағын зымырандар Баренц, Қара, Охот, Жапон теңіздеріндегі атыс кезінде жауынгерлік тиімділікті тұрақты көрсетіп келеді. "Бал" аз уақыттың ішінде авиация, темір жол немесе су көлігімен кез келген әскери әрекеттер театры аумағына жеткізілуі мүмкін.

Эскпорттық "Бал-Э" жағалау зымыран кешенінің жауынгерлік мүмкіндіктерінің жиынтығы (120 километрге дейінгі қашықтық) оны Harpoon Block 2 (АҚШ), Exocet MM 40 Block 3 (Франция), RBS 15 Mk3 (Швеция) және Penguin NSM (Норвегия) сынды шетелдік аналогтары арасында "ччемпион" етіп тұр.

Атыс кезінде белгілі болғандай, 32 зымыраннан тұратын бір жаппай оқ ату кезінде кемінде үш фрегаттың көзі жойылады. "Бағасы – тиімділігі" ара қатынасы бойынша Х-35УЭ кемеге қарсы зымыранына әлемде тең келетін техника жоқ.

Зымыран авиациялық нұсқада да қолданыла береді. Осыған байланысты "Бал-Э" зымыранына Әзербайжан, Венесуэла, Үндістан сынды елдердегі мамандар қызығушылық танытып отыр. Ол Вьетнамға да жеткізілген. Жоғары технологиялық ресейлік қару-жарақ экспорты жылына 15 миллиард доллар көлемінде тұрақты табыс пен әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынды қамтамасыз етіп отыр.

21 қазанда НАТО елдерінің қорғаныс министрлері Ресейді "тежеуді" күшейту амалдарын талқылап, "Ресей зымыран жүйелері тарапынан артқан қауіпке қарсы әрекет ету" жалпыға ортақ жоспарын қабылдады. Ал НАТО альянсының бас хатшысы Йенс Столтенберг "Қара теңіздің НАТО үшін стратегиялық маңызы бар. НАТО-ның үш одақтасы – Түркия, Румыния және Болгария жағалау маңындағы мемлекеттер болып отыр және бізде Грузия мен Украина сынды өте жақын екі серіктес бар. Біз Қырымдағы заңсыз әрекеттерді және Ресейдің Қара теңіздегі агрессиялық әрекетін көрдік. Сондықтан біз аймақта, әуеде, құрлықта және теңіздегі әскер мен техника санын арттырдық" деген мәлімдеме жасады.

Ал Пентагон басшысы 21 қазанда Бухарестке сапары кезінде болашақта Қара теңізде әскери техника орналастыру жоспарымен бөлісті. Румыния мен Польша территориясында америкалық зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінің позициясын жетілдіру жалғасып жатыр.

Біраз бұрын Мәскеу Еуропада орта және шағын қашықтықта әрекет ететін зымырандарды орналастыруға мораторий жариялады. Алайда НАТО елдері мұны елемеді. Сондықтан Ресей өз әскери техникасын кез келген жағдайға дайын күйде ұстап отыр.

Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.

Кілт сөздер:
Ресей, зымыран, теңіз
Загрузка...

Басты тақырып