04:50 16 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.78
  • EUR494.08
  • RUB5.98
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
9910

Орталық Азия елдері мен Ресей Ауғанстанмен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуды көздегенімен ауған жеріндегі ондаған террористік топ бар екенін ұмытып отырған жоқ

Ресей мен Өзбекстан әскерінің бірлескен оқу-жаттығулары 2 тамызда өзбектердің Ауғанстанмен шекаралас Термез тау полигонында басталды. Әскери топтар Өзбекстанның аймақтық бүтіндігін қамтамасыз ету және қорғау бойынша әрекеттерді пысықтап жатыр. Оқу-жаттығу барысында құрлықтағы күш, соққы жасау авиациясы, заманауи барлау және нысанды анықтау жүйелері қолданылды.

Маневрлерге 1500 сарбаз бен офицер, 200 әскери техника, ресейлік Кант авиабазасындағы Су-25СМ шабуылдаушылар тобы тартылды. Ұшқыштар әуеден жасалған соққы арқылы бірлескен әскердің әрекеттеріне қолдау көрсетеді.

ҰҚШҰ күштері де тыс қалған жоқ. Ресейдің Кант біріккен әскери авиабазасы – жедел әрекет ету бойынша ұжымдық күштердің авиациялық компоненті. Кант авиабазасы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің территориясы мен әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

1 тамызда 200-ге жуық өзбек әскери қызметкері Ауғанстанмен шекаралас Харб-Майдон тәжік полигонына келді. Мұнда 5-10 тамыз аралығында Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстан әскерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтеді. Ол әрекеттер осы үш мемлекеттің бірлескен әскери топтарының соғыс кезіндегі үйлесімділігінен басталады. Жалпы Термез бен Харб*-Майдон полигондарындағы шекаралық оқу-жаттығулар Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстанның бірлескен операциясына айналғаны байқалады. Бір ескеретін жайт, Өзбекстан ҰҚШҰ құрамына кірмейді. Алайда ол өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп әрекет ету қажеттілігін түсініп отыр.

Азаматтық соғыспен әуре болып жатқан тәлібтер Орталық Азия елдеріне басып кіруді жоспарлап отырған жоқ. Әйтсе де ҰҚШҰ шекарасындағы жағдай алаңдауға тұрарлықтай. Шілденің басында "Талибан"* Ауғанстанның бес ел – Иран, Түрікменстарн, Тәжікстан, Қытай және Пәкістанмен және Кашмир аумағымен шекарасын бақылауға алды. Мәскеу Ауғанстандағы биліктің тәлібтердің қолына өтуіне және түрлі сценарийге дайын. Бұл туралы күні кеше президенттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, Азия СІМ екінші департамент директоры Замир Кабулов мәлімдеді.

Ауғанстанмен 1344 километрге созылып жатқан ортақ шекарасы бар Тәжікстанның жайы қатты алаңдатып отыр. Ресей "Талибан"* мен басқа да террористік ұйымдарға өз одақтастарын қорғауға дайын екені туралы ескертті. Қажет болған жағдайда ресейлік 201-ші әскери база Тәжікстанға жедел көмек көрсетеді. Осы тұста Орталық әскери округтің жауынгерлік әлеуетінің нығаю мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Ауғанстандағы жағдай шиеленіскен соң 201-ші база айтарлықтай нығайтылып, бирагадалықтан дивизиялық штатқа ауыстырылды және жаңа соғыс техникасымен қамтамасыз етілді.

Ресей шекарашылары тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатыспайды. Бірақ Тәжікстанға Ресей федералды қауіпсіздік қызметіне қарасты шекара кеңесшілер тобы көмектеседі. Мемлекеттік шекараның беріктігінде соғыс авиациясының рөлі маңызды. Сондықтан Пянж өзеніне жақын жерде, Гиссар аэродромына ресейлік Су-25 шабуылдаушы ұшақтары орналастырылды.

Ауғанстанның түрлі провинциясында қақтығыстар жалғасып жатыр. Нангархар, Пактия, Пактика, Логар, Кандагар, Герат, Фарьяб, Джаузджан, Балх, Саманган, Гильменд, Тахар, Кундуз, Баглан және Каписа провинцияларында соғыс белең алды.

1 тамызға қараған түні тәлібтер Кандагар әуежайына зымыранмен шабуыл жасап, осыдан кейін барлық рейс тоқтатылды. Гератта содырлар БҰҰ кеңсесіне шабуыл жасады. Яғни кешенге кіреберіске гранатомет пен пулеметтен оқ атылып, адамдар мерт болды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани бүгін парламенттің төтенше отырысын жариялап, үкімет ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың алты айлық жоспарын іске асыруға кіріскенін мәлімдеді.

Біраз бұрын "Талибанның"* баспасөз хатшысы Twitter-аккаунтында әскери-діни қозғалыс содырларының суреттерін жариялады. Олар америкалық арнайы жасақтан еш кем түспейтіндей деңгейде жабдықталған.

АҚШ елден кеткеннен кейін ауған қарулы күштерінің болашағы күдікке толды. Бұл ең алдымен жанармай жеткізетін сенімді көздің болмауына қатысты. Ауғанстанды қалыпқа келтіру бойынша арнайы бас инспектордың жаңа есебіне сәйкес, Пентагон соңғы 10 жылда ауған қауіпсіздік күштеріне жанармай жеткізу үшін 3,74 миллиард доллар жұмсады және 2025 жылға қарай тағы 1,45 миллиард доллар жұмсауы қажет.

Мұнда басты проблема логистика болып отыр. Ауғанстан мен Түркия әскери ведомстволарының басшылары Бисмилла Хан Мохаммади мен Хулуси Акар 31 шілдеде телефон арқылы Кабул әуежайының қауіпсіздігін талқылады. Соған қарағанда бензин мен дизель отынын авиатанкерлер арқылы жеткізудің жолы қарастырылмақ.

НАТО-ның әскери нұсқаушылары Түркияда ауған арнайы жасағын даярлауды бастады. Сонымен қатар 200 ауған аудармашысынан тұратын бірінші топ АҚШ-қа, Вирджиниядағы Форт Ли базасына қоныс аударды.

* – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

Загрузка...

Басты тақырып