Ресейдің "Адмирал Горшков" фрегаты сынақтан сәтті өтті

Жазылу
Ресей Солтүстік флотындағы 22350 жобасына тиесілі "Адмирал Горшков" фрегаты 350 километр қашықтықта жатқан Баренц теңізінің жағалауындағы нысандарға Ақ теңіз акваториясынан "Циркон" зымыранымен атуды сәтті орындады 

Старттан кейін шамамен 150 секунд өткен соң ол нысанаға дөп тиді. Ұшу жылдамдығы 7 Махты (8575 км/сағ) құрады. Зымыранның кинетикалық энергиясы Defender немесе Arleigh Burke тектес эсминецтерді екіге қақ бөлуге қауқарлы.

22350 жобасының фрегаттары бортында "Циркон", "Калибр-НК" немесе "Оникс" сынды 16 зымыранды алып жүре алады. "Полимент-Редут" кешенінің 32 зымыраны мен "Палаш" екі  артиллериялық қондырғысы әуе шабуылына қарсы қорғанысты қамтамасыз етіп отыр. Қарсылас субмариналарынан 12 айрықша торпедаға қарсы аппараты бар "Пакет-НК" кешені қорғайды. Ресейдің әскери-теңіз флотындағы ондаған суүсті кемесі мен субмаринасын "Циркон" кешенімен жабдықтау жоспарланып отыр.

Обострение ситуации вокруг Нагорного Карабаха - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2020
Саясат
Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді  
Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Алексей Криворучко біраз бұрын "Циркондардың" мемлекеттік сынағы 2021 жылы субмарина бортынан зымыранды ұшырумен аяқталатынын, ал РФ әскери-теңіз флотына арналған сериялық өндіріс 2022 жылы басталатынын мәлімдеген болатын.

Батыс ресейлік гипердыбысты зымырандардың қашықтықтан нысанаға дөп тиетіндігіне және теңіз бен құрлықта әрекет ету қабілетіне қызығушылық танытып отыр. Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби 19 шілдеде ресейлік зымыран америкалық техникаға қарағанда әлдеқайда үлкен қауіп төндіріп отырғанын мәлімдеді.

АҚШ Әскери-теңіз күштері министрінің міндетін атқарушы Томас Модлидің пікірінше, ресейлік гипердыбысты зымырандардың нарыққа шығуына байланысты АҚШ енді ядролық емес бірсәттік жедел соққыға арналған қару-жарақты дамытуға мәжбүр. Америка конгресінің зерттеу қызметі шілдеде ұсынған есепте АҚШ гипердыбысты қаруды дайындау ісінде Ресей мен Қытайдан бірнеше жылға кейін қалып қалғаны жазылған. Сонымен қатар америкалықтардың қару-жарақ саласындағы барлық дерлік бағдарламасы қолдануға жарамсыз екені және болашақтағы 3,2 миллиард доллар көлеміндегі қаржыландыру бұл жағдайды күрт өзгерте алмайтыны да айтылған.

22350 жобасының "Адмирал Флота Советского Союза Горшков" бас фрегаты жағалаудағы нысанға "Циркон" қанатты зымыранымен бірінші рет оқ атып отырған жоқ. 2020 жылдың желтоқсанындағы сынақ кезінде Архангельск облысындағы Чижа полигонында да оқ нысанаға дәл тиген болатын. Яғни кемеге қарсы зымыран соғыс әрекеттері сценарийіне сәтті бейімделіп, 350 километрден астам қашықтықты да игеруге дайын тұр.

Афганские силы общественной защиты (APPF) стоят на страже аванпоста, созданного против боевиков Талибана в Каджаки, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Америкалық қару-жарақ тәлібтердің қолына қалай түсті?
Military Watch Magazine басылымы 20 шілдеде "Циркон" 1000 километр қашықтықтағы қарсылас нысандарын 9 Махқа дейінгі жылдамдықпен жоя алатынын жазды.

Пентагонның қолында қазір гипердыбысты қару да, ресейлік гипердыбысты зымыранның сигналын анықтайтын зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі де жоқ. Сондықтан америкалық конгресс өкілдерінің АҚШ гипердыбысты техниканы дамытуға назар аударатын уақыт жетті деп дабыл қағуы орынды.

Әскери қақтығыс туындаған жағдайда Ресей Әскери-теңіз флотының субмариналары АҚШ немесе басқа да НАТО елінің жағалауына жасырын жетіп, бірнеше минут ішінде су астында орналасқан күйде-ақ әскери-стратегиялық инфрақұрылымды жоя алады.

Жаңалықтар
0