07:46 28 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.37
  • EUR499.91
  • RUB5.75
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
4810

АҚШ пен НАТО әскерінің Ауғанстаннан шығару процесі аяқталғаннан кейін тәлібтердің үкімет күштерімен қақтығысы үдей түспек. Террористік қозғалыс елдегі билікті өз қолына алуға барын салып, қарсыластарымен қандай да бір келіссөз жүргізуге ниетті емес екенін жасырмай отыр 

20 шілдеде мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі кезінде үш зымыран Кабулдағы президент сарайына соққы жасады. Бір күн бұрын тәлібтер Ауғанстанда оқ атуды тоқтату және тұтқындарды босату бойынша келіссөздің құрдымға кеткені туралы мәлімдеді. Соғыс әрекеттерінде Пәкістанның да үлесі бар екені байқалады.

Біраз бұрын Ташкентте өткен қауіпсіздік жніндегі халықаралық конференцияда Ауғанстан президенті Мұхаммед Ашраф Гани ауған бағытындағы Пәкістанның әрекеттерін сынға алып, Пәкістандағы "Талибан"* жақтаушылары ауған халқының басына түскен жағдайға аса қынжылып отырмағанын айтты. Барлау қызметінің мәліметі бойынша, соңғы айда Ауғанстанға 10 мың содыр Пәкістаннан келген. Ал "Талибан"* халықаралық террористік ұйымдармен байланысты үзбей отыр. Алайда Дохада АҚШ-пен арадағы келісім бойынша "Әл-Каида"* және басқа да ұйымдармен (ауған аумағында 30-ға жуық террористік топ бар) қарым-қатынасты тоқтатуы керек болатын.

Ауғанстандағы татуласу жөніндегі АҚШ-тың арнайы өкілі Залмай Халилзад 20 шілдеде Исламабадта елдің премьер-министрі Имран Хан және Пәкістан армиясының басшысы генерал Камар Джавед Баджвамен келіссөз жүргізді. Тараптар қазір тәлібтер үлкен зиян келтіріп жатқан ауғанаралық бейбіт келіссөздің маңызын баса атап өтті.

Сонымен қатар Ауғанстан мен Пәкістанның сыртқы істер министрлері Ханиф Атмар мен Шах Мехмуд Куреши 19 шілдеде Исламабадтағы ауған елшісінің қызын ұрлау қылмысын талқылады. Бойжеткен тұқыннан бостылғаннан кейін ауруханаға түсті. Сол себепті Кабул Пәкістандағы өз елшісі мен бірқатар дипломатты елге қайтарды.

Солтүстік провинциялардағы қиян-кескі қақтығыс пен Ауғанстанның шекара маңындағы аудандарды "Талибанның"* бақылауға алуы босқындар легінің артуына себепші болып отыр. Бадахшан провинциясындағы Вахан уезінде орналасқан Андемин елді мекенінің (этникалық қырғыздар) тұрғындарынан құрылған адамдар тобы 14 шілдеде бас сауғалап Тәжікстан территориясына өтіп кетті. Біраз бұрын Қырғызстан ауғандық қырғыздарды өз жеріне орналастыруға дайын екенін хабарлады. Алайда тәжік билігі төрт күн өткен соң барлық құжат-қағазымен және 4 000 бас малымен 345 ауған азаматын қайтадан ауған жеріне қайтарды.

Сонымен қатар тәлібтерден қашқан Ауғанстанның бейбіт тұрғындары да Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасынан өткені белгілі болды. БҰҰ конвенциясына сәйкес босқындарға уақытша баспана беріліп, оларды ас-су және медициналық көмекпен қамтамасыз етті де, ауған жеріне қайтадан қайтарды. Егер соғыстың өршуіне байланысты босқындар саны ондаған немесе жүздеген адамдармен есептелетін жағдайға жетсе, оларды Ауғанстанға жедел қайтару мүмкін болмайды. Сонда Орталық Азия елдері тәлібтер шекарадан өтпей-ақ ауғандық тұрақсыздықтың ықпалына енеді.

Иран арқылы Түркияға бас сауғалап қашқан босқындар саны артып жатыр – күніне 1000 ауған. Мигранттар өз өмірі үшін қорқып, тәлібтерден қашуға мәжбүр болғандарын және жәрдемақыға үміттеніп отырғандарын айтуда. Түрік билігі үшін әзірше босқындар ағыны аса қауіпті деңгейге жеткен жоқ. Бірақ босқындардың басым бөлігінің құжаты жоқ.

Тәлібтердің қоқан-лоқысына қарамастан, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Вашингтонның әкімшілік-қаржылық қолдау көрсетуімен Анкара Кабулдағы халықаралық әуежайдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін 20 шілдеде кезекті рет мәлімдеді. Түркия өзін Ауғанстанмен бауырлас мемлекет екенін алға тартып, ислам дінін қабылдағанға дейін көптеген түрік тайпасының отаны болғанын, сондай-ақ Ауғанстан 1921 жылдың 1 наурызында "жаңа" Түркияны мойындаған алғашқы мемлекет болғанын да айтуда. Сонымен қатар Түркияға келген алғашқы шетелдік дипломат Ауғанстан королі болған. Сондықтан түрік әскері Кабулды қалдырып кете алмайды. Алайда Ердоған бұл гуманитарлық миссияның қажеттілігіне тәлібтерді көндіре алмай отыр. Түрік оптимизмін Мәскеу де қолдап отырған жоқ.

Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі Ауғанстан шекарасына жақын жерде терроризмге қарсы маневрлер сериясын дайындап жатыр. Мысалы, 30 шілдеде Сурхандария облысында Ресей-Өзбекстан оқу-жаттығуы басталады. Өзбекстан шекараға жақын Хатлон облысындағы Харб-Майдон әскери полигонында өтетін бірлескен Ресей-Тәжікстан-Өзбекстан бірлескен оқу-жаттығуы үшін авиация мен арнайы жасақты жеткізіп жатыр. Ауған шекарасында ҰҚШҰ жедел тобы жұмыс істеп тұр.

Тәжікстанда ресейлік 201-ші әскери база, Қырғызстанда ресейлік "Кант" базасы орналасқан. Олар тұрақты әскери дайындықта тұр және ұжымдық қауіпсіздіктің оңтүстік шекарасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отыр.

Мысалы 22 шілдеге дейін Ми-8 модернизацияланған тікұшақтар экипажы Тянь-Шань таулары мен Ыстықкөл облысында "Эдельвейс" авиация полигонындағы оқу-жаттығу барысында десантты жеткізу әрекеттерін пысықтап жатыр.

Экстремистер Орталық Азияға енген жағдайда Мәскеу өзінің ҰҚШҰ бойынша өңірлік одақтастарына көмек көрсетуге дайын. Бұл ұстанымды күні кеше Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Игорь Лякин-Фролов растады. Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Орталық Азия елдері өз аумағында америкалық базаны орналастырмайтынын еске салып, ҰҚШҰ мызғымастығын кезекті рет айшықтады.

* – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

Загрузка...

Басты тақырып