Пентагон "Баграм" авиабазасын Ауғанстанның үкіметтік армиясына тапсырады

© Sputnik / Владимир Пирогов / Медиабанкке өтуАмериканские военнослужащие у транспортного самолета перед отправкой в Афганистан в аэропорту "Манас". Фото из архива
Американские военнослужащие у транспортного самолета перед отправкой в Афганистан в аэропорту Манас. Фото из архива - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2021
Жазылу
АҚШ пен НАТО әскерінің Ауғанстан аумағынан жеделдетіп шығарылуы Орталық Азия аймағында соғыс әрекеттерінің қайтадан өршу қаупін тудырып отыр. Вашингтон мен Брюссель қолдау ретінде Кабулға қаражат ұсынды

АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы 1 маусымда Ауғанстан аумағынан америкалық әскердің шығарылуы 30-дан 44 процентке дейінгі көрсеткішке жеткенін мәлімдеді. Boeing C-17 Globemaster III әскери-көлік ұшақтары 300 рейс жасап, Қорғаныспен қамту агенттігіне 13 мың бірлік жабдық пен техника утилизациялауға жіберілді. Пентагон алдағы үш аптада Ауғанстанның үкіметтік армиясына Баграм ірі авиабазасын табыстауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл Ислам республикасындағы америкалықтардың әскери-әуе операцияларының бас штабы болып саналады.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев встретился с президентом Афганистана Мохаммадом Ашрафом Гани - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Саясат
Тоқаев Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Біраз бұрын ОБҚ директоры Уильям Бернс Ауғанстаннан әскерді әкету АҚШ-ты әлсірететінін айтқан болатын. Орталық Азиядағы іргелес жатқан мемлекеттер де алаңдаулы. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің аймақтағы әріптестерімен телефон арқылы тұрақты сөйлесуі де күдікті арттырып отыр.

Вашингтонның Ауғанстандағы әскери базаларды көрші мемлекеттердің аумағына орналастыру туралы ойын Душанбе, Ташкент, Бішкек, Нұр-Сұлтан, Ашхабад, Исламабад түсіне алмай отыр.

Бұл жағдайда Брюссель барынша қолдау көрсетуге тырысып жатыр. НАТО мемлекеттік хатшысы Йенс Столтенберг Ауғанстандағы үкіметтік күшті қаржыландыруды жалғастыруға және дипломатиялық байланысты үзбеуге уәде етіп отыр. Ал Кабул батыстық одақтастарының кері шегінгеніне қуана қоймады.

Ауғанстан астанасында 1 маусымдағы екі жарылыс салдарынан екі адам көз жұмып, 14 адам жараланды. Бұл жолы қалалық автобус оқ астында қалды. "Қарулы оппозиция" бейбіт тұрғындарға қырғидай тиюіне не себеп? Өйткені шетедік әскер елден кетуде, ауғанаралық келіссөздер механизмі іске қосылған, моджахедтер үшін билікке жол ашылды емес пе деген сауал туады. Соған қарағанда, тәлібтер республиканы эмиратқа айналдыру үшін қалыпты террористік құралдарды қолдануды ұйғарса керек.

Тәлібтер мен үкіметтік күштердің қақтығысы мамырда айтарлықтай жиілеуі АҚШ пен НАТО әскерінің елден кетуін біршама үдете түсті. Жаздың ортасына қарай ауған жерінде шетелдік әскери контингент қалмайтын сыңайлы. НАТО бұл жағдайға дипломатиялық тұрғыдан ықпал етуге, Ауғанстанның қауіпсіздік күштерін қаржыландыруға ниеттеніп, ауған әскери қызметкерлерін Ислам республикасынан тыс аумақта әскери даярлауды қарастырып жатыр.

Кабулда АҚШ елшілігінің мыңға жуық қызметкері бар болғанымен, Ауғанстан тағдырдың тәлкегіне қалдырылды. Осы тұста Кабул Мәскеумен әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға тырысуы да түсінікті. Ауғанстанның РФ-дағы елшісі Саид Тайеб Джавад 29 мамырда Кабул Мәскеуден қару-жарақ пен әскери техника сатып алуға дайын екенін жеткізді. Оның үстіне Ауғанстан "Ресей тәлібтер режимінің қайта орнауына кедергі болуы керек" деп санайды.

США уходят из Афганистана: террористы и наркотрафик остаются - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Видео
АҚШ әскері Ауғанстан жерінен шығарылды: елде жағдай қалай өзгерді – видео
Өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде ҰҚШҰ елдері дұрыс жолда келе жатыр – Орталық Азияда жақында бірлескен бес оқу-жаттығу өтеді. Бұл шарада бітімгершілік операциялар барысында әскерді бірізді қолдану әдістері пысықталатын болады.

Орталық Азия стратегиялық бағытқа жауапты ресейлік Орталық әскери округ (ОӘО) жазда Ресейде, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда бірлескен тоғыз халықаралық оқу-жаттығу өткізеді.

Баграм авиабазасы Ауғанстан үшін стратегиялық мәнге ие. Бірнеше қауіпсіздік периметрі және ұзындығы 3600 метр болатын ұшу жолағы бар бұл әскери нысан Кабулдан 40 километр қашықтықта орналасқан. Ол әуеден бүкіл елдің территориясын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Осындай мақсаттағы "қосымша аэродром" елде басқа жоқ. Сондықтан Баграм үкіметтік күштерге табысталғаннан кейін тәлібтер жасағы шетелдік әскерилер ауған жеріне шұғыл жетуін болдырмас үшін авиабазаны тез басып алуы мүмкін.

Бұл Кабул мен шетелдік одақтастар және серіктестердің бөлімшелері үшін жаңа проблемалар тудырады. Шетелдік әскерді жердегі көлік арқылы шығару мүмкін емес. Себебі Ауғанстанда дамыған көлік жүйесі жоқ, ел аумағы үкіметтік күштер мен отызға жуық террористік топтар арасында жік-жік болып бөлінген.

Осы мәселеге қатысты мазасызданып отырғандар қатарында Бундесвер контингенті (1300 әскери қызметкер) бар. Ақпанның соңында Германия үкіметі елдегі қарулы күштердің Ауғанстандағы НАТО бастаған халықаралық операциясына қатысу мерзімін 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты. Бундесвер 20 жыл ішінде Ауғанстанда 59 әскери қызметкер мен 16 миллиард еуродан айырылды.

Ислам республикасының қорғаныс министрі шетелдік әскер елден шығарылғанға дейін әскери операциялардың 90%-і ауған бөлімшелерімен жүргізілгенін мәлімдеп, тәлібтердің жақын уақытта зорлықтан бас тартатынына үміт білдірді. Ол халықаралық қауымдастық алдында белгілі бір міндеттер бар екенін еске салып, қажет болған жағдайда олардың әскери-әуе күштері ауған жеріне ұшып келетінін айтты. Бірақ авиабаза тәлібтердің қолына өтсе, шетелдік күш қалай жетеді?

Жаңалықтар
0