Ауғанстанда әскери-саяси ахуал қайта ушықты

© AFP 2024 / Wakil KohsarМолодые люди спасают остатки вещей из развалин домов после внезапного наводнения в Чарикаре, провинция Парван, Афганистан
Молодые люди спасают остатки вещей из развалин домов после внезапного наводнения в Чарикаре, провинция Парван, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2021
Жазылу
АҚШ пен НАТО әскері елден кетуде, тәлібтер провинциялардың басым бөлігіне билік етіп отыр. Орталық Азияның басқа елдерімен бірлесіп Ресей мен Тәжікстан оңтүстік бағыттағы әскери қауіпке тойтарыс беруге дайындалып жатыр

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу 27 сәуірде Душанбеге жұмыс сапары кезінде көрші Ауғанстандағы жағдай шектен шығып жатқанын, сондықтан Ресей мен Тәжікстан оқу-жаттығулар кезінде оңтүстік бағыттағы қауіпке тойтарыс беруді пысықтап жатқанын жеткізді. Біраз бұрын шекара маңындағы Харб-Майдон, Самбули және Момирак полигондарында 201-ресейлік әскери базаның 3 500 әскери қызметкері мен Тәжікстан қарулы күштері қатысқан бірлескен маневрлер өтті. Сонымен қатар РФ тәжік әскерилердің оқу-жаттығуларын қамтитын бағдарламаны кеңейтті. Мәскеу мен Душанбе әуедегі шабуылдан қорғануға арналған бірлескен жүйе құру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Сергей Шойгудың Тәжікстанға сапары мен әскери-техникалық өзара ынтымақтастыққа баса назар аударуы кездейсоқ емес.

АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылады - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2021
Видео
АҚШ әскері Ауғанстан аумағынан шығарылады - видео
АҚШ пен оның НАТО бойынша одақтастары 25 сәуірде өз әскерлерін Ауғанстан аумағынан шығара бастады. Құны 1 миллиард доллар тұратын шетелдік әскери базалар мен жабдықтар ауған армиясына беріледі. Ал тәлібтер үкімет әскерлерімен аяусыз шайқаста маңызды әскери нысандарды басып алуға ұмтылып жатыр. Олар солтүстік Балх провинциясында біраз жетістікке қол жеткізді. Ауғанстандағы қарулы қақтығыстар кезінде бір аптаның ішінде 90-нан астам сарбаз бен полиция қызметкері, 14 бейбіт тұрғын көз жұмып, 165 террорист өлтірілді.

АҚШ пен НАТО қару-жарағын Ауғанстанның үкімет күштеріне қалдыруы Орталық Азиядағы көрші мемлекеттер үшін қауіп тудырып отыр. Біраз жыл бұрын Америка 1 миллиард долларға Ирактың "оң" әскерін жабдықтаған болатын. Алайда көп ұзамай-ақ барлық қару-жарақ, танктер, артиллерия, зымыранға қарсы TOW кешендері мен Stinger ТЗЗК "Ислам мемлекеті"* содырларының қолына тиді. Егер бұл жағдай Ауғанстанда да қайталанса, онда бүкіл өңір үшін оның салдары ауыр болмақ. Қазірдің өзінде АҚШ-тың "Талибанмен"* бейбіт келісімі азаматтық соғыстың жаңа тармағына бастау болайын деп тұрғаны белгілі. Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік күштері қарулы террористік топтарға төтеп беруге қауқарсыз.

23 сәуірде тәлібтер Балх провинциясындағы үкімет әскерінің базасын басып алып, сегіз сарбазды өлтірді. Бір күн бұрын жиһадшылар Мазари-Шариф қаласының маңындағы ауған армиясының бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасаған кезде де сегіз әскери қаза тапты. Егер Ауғанстан армиясының базалары тәлібтерді қару-жарақ арсеналымен қызықтыратын болса, алдыңғы шептегі өткізу бекеттері үлкен магистральдердің "кілті" іспеттес. Солтүстіктегі Тахар провинциясында "Талибан"* содырлары  17 сәуірде үкіметтің бақылау бекетіне шабуылдап, төрт сарбазды өлтірді.

Ауғанстанның солтүстігі оттың ортасына айналып барады. Әзірше тәлібтер көршілес Орталық Азия елдерінде төбе көрсетпегенімен, Тәжікстаннан келген содырлар ауған жеріне жетіп, "Талибан"* жасақтарымен бірге әрекет етіп жүр. Сондықтан ауған соғысы көрші мемлекеттерге қарай ығысуының ықтималдылығы жоғары.

Шабуылдау кезіндегі аяусыздық әрекеттері де өршіп барады. Мысалы, 21 сәуірде тәлібтер Кабул маңындағы Вардак қаласында орналасқан полиция учаскесін басып алды. Қызметкерлер өз еріктерімен берілгеніне қарамастан содырлар бес тәртіп сақшысын өлтірді. Бұл қоғамда үлкен дүрбелең тудырды. Себебі  Ауғанстанда полициядан "Талибан"*, "ИМ"* құрамына ауысу жиі болады.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.11.2020
Қоғам
Мемлекет басшысы Ауғанстан президентіне жеделхат жолдады
Сол сияқты 17 сәуірде Ауғанстан әскери-әуе күштері солтүстіктегі Балх провинциясында орналасқан тәлібтердің лагеріне әуеден соққы жасап, 8 содырдың көзін жойды. Олардың қатарында командир де болатын. Нимроз провинциясындағы әуеден жасалған соққы тағы 22 жихадшының өмірін қиды. Ал Забульдегі үкімет күштері мен "Талибан"* арасындағы шайқаста 14 тәліб шейіт болды.

АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Фрэнк Маккензи ауғандық қауіпсіздік күштерінің елді өз бетінше қорғай алатынына күманданады. ОБҚ директоры Уильямс Бернс Кабулға сапармен барып, шетелдік контингент елден кеткен соң ауған күштерінің жауынгерлік дайындығын талқылады. Біраз бұрын Бернс әскерді елден шығару Ауғанстанда "Ислам мемлекеті"* мен "Әл-Каида"* ықпалының артуына алып келуі мүмкін екенін айтты. 24 сәуірде АҚШ Конгресі үшін Пентагон әзірлеген баяндамада "Әл-Каида" Ауғанстанда тәлібтермен өзара әрекеттесуді жалғастырып жатқанын және жаңа шабуылдар қаупі сақталып тұрғанын мәлімдеді.

РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, Ауғанстанның 11 провинциясында "Әл-Каида" топтары бар, тәлібтер елдің жартысынан астам бөлігін бақылауда ұстап отыр және үкіметке қарсы күресті жалғастыруда. Ауғанстан елдегі 4 мыңға жуық содырдан тұратын және үнемі террористік актілер жасайтын жаһандық қауіп "Ислам мемлекетінің"* панасына айналды. Сонымен қатар НАТО әскері Ауғанстанда болған шақта апиын өсіру алаңы 20 есе өсіп, 163 мың гектарға дейін жетті. Бұл әлемдегі апиын нарығындағы сұраныстың  80%-ін қамтамасыз етеді. Жалпы есірткі Ауғанстан Ислам Республикасының 34 провинциясының 24-інде жаппай өндіріледі.

"Талибан"* ел билігіне келген тоқсаныншы жылдардың соңынан бері аса өзгере қойған жоқ. Оның Ауғанстанды босату және елде мемлекеттік құрылым ретінде ислам жүйесін енгізуді қамтитын мақсаты да сол қалпында. Біраз бұрын тәлібтер Ауғанстанда орнатқысы келетін Ислам Эмиратының принциптерін түсіндіріп берді. Олар жүйе негіздері Құранда, хадистер мен ислам заңнамасында жазылғанын айтты. Әйтсе де нақты мысал келтірмеді.

Олардың көксегені – елді "шетелдік идеология мен күштерден азат етіп, кез келген батыстық құқық жүйесін қолданыстан шығару" және барлық іс-әрекетті шариғатқа сәйкес жүргізу. Тәлібтер басқарып отырған тұрғындардың айтуынша, бұл жүйе іс жүзінде басқаша жұмыс істейді: қыз балалар мектепте оқи алмайды, емханаға баруға және дәрі-дәрмек сатып алуға рұқсат жоқ, әйелдер ер адамның ілесуінсіз көшеге шықпайды, қандай да бір көңіл көтеретін шараларға тыйым салынған, кінәлілерді таяқпен ұрады.

* Қазақстанда, Ресейде және басқа да елдерде тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0