20:47 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Колумнист
Қысқа сілтеме алу
6510

Ресейлік РЭК жүйелері НАТО стандарттарын ішінара немесе жаппай бұғаттап, террористерге тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуларына тосқауыл бола алады, сондай-ақ америкалық Tomahawk қанатты зымырандарын бағыттарынан "адастыра" алады

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Ресей – жоғары технологиялық қарулану саласындағы әлемдік көшбасшы ретінде танылған мемлекет. Радиоэлектронды күрес (РЭК) жүйесінің секторында ресейлік аппараттар барлық жауынгерлік қолдану саласында таңғаларлық тиімділік танытып келеді.

АҚШ-тың Есеп палатасы Ресей электромагниттік күресте басым екенін мойындады. Палатадағы қорғаныс әлеуеті мен басқару мәселелері жөніндегі директор Джозеф Киршбаум Ресейдің электромагниттік спектрдегі күрес күштері "бұл құралдарды АҚШ және басқа елдерге қарсы нақты қолдануда" өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтті, деп жазады РИА Новости.

Америкалық мамандардың пікірінше, Мәскеу Пентагонның ұшақтары мен кемелерінің байланыс және навигация жүйелерінің жұмысына радиоэлектронды күрес құралдарымен әсер ете алады. Себебі Ресей Федерациясының Сириядағы әскери операциясы орыстарға тәжірибе жинақтап, АҚШ-тың ғарыш құралдарымен күресу әлеуетін дамытуға мүмкіндік берді. Ал Пентагон бұған дейін радиоэлектронды күрес саласында қабылданған стратегиялардың ешқайсысын толықтай жүзеге асыра алмады. 1990 жылдардың басында америкалықтар қажеттілігі жоқ деп танып, бұл саладағы әзірлемелерді толықтай тоқтатқан болатын. Ал қазір озып кеткендерді қуып жетуге тырысуда.

Солтүстік атлантикалық альянс радиоэлектронды күрес құралдары бойынша Ресейден қалыс қалғанын 2018 жылы мойындаған болатын. Сол кезде НАТОН-ның ғылыми-техникалық ұйымы альянстың тактикалық байланыс инфрақұрылымы ресейлік РЭК стратегиясының алдында әлсіз екенін мәлімдеді.

Ресей бірнеше он жыл бойы жауынгерлік басқарудың барлық деңгейлері үшін құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі бірегей радиоэлектронды күрес жүйесін дамытып келеді. Соңғы үш жылда әскерге мың бірліктен астам РЭК құралы берілді. Алайда мәселе санында емес, сапасында болып тұр. Ресейлік радиоэлектронды күрес бөлімшелерінің жауынгерлік мүмкіндіктерінің артуы техниканың көп функционалдығы мен сапасы арқылы қамтамасыз етіледі. Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгудің айтуынша, жүйелерді қолдану қашықтығы 3,5 есе артқан.

Ресейлік РЭК жүйелері НАТО стандарттарын ішінара немесе жаппай бұғаттап, террористерге тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараттарының қозғалуына тосқауыл бола алады, сондай-ақ америкалық Tomahawk қанатты зымырандарын бағыттарынан "адастыра" алады. РФ электромагнитті қаруды сынақтан өткізіп жатыр. Мысалы, аса жоғары жиіліктегі зеңбіректер 10 киломтер қашықтықта тұрып-ақ қарсыластың электроникасын істен шығара алады. Ең құпия жүйенің бірі саналатын "Алабуга" БАҚ мәліметі бойынша қуаты жағынан ядролық қарумен тең және тұтастас әскерді "бейтараптандыра" алады.

"Автобаза-М", "Борисоглебск-2", "Москва", "Красуха", "Самарканд", "Свет-КУ", "Ртуть-БМ", "Инфауна", "Репеллент" ресейлік РЭК құралдары Сирия араб республикасының аумағында қарсыластың электроникасын істен шығаруда. Бұл РЭК жүйелер АҚШ немесе НАТО әскері сигналды шифрлеген кезде немесе кедергіден қорғалған электрониканы қолданған кезде де сәтті әрекет ете алады.

Бірнеше мысал келтірсек. "Москва-1" кешені пассивті электронды сканерлеу режимінде 400 километр радиусында кеңістікті бақылауда ұстап, ұшақ, зымыран, тіпті қарсылас снарядтарын да анықтай алады.

Шағын жылдамдықта және көлемі жағынан да аса үлкен емес "радиодыбыссыздық" режиміндегі ұшқышсыз ұшу аппараттарымен тиімді күрес жүргізетін "Валдай" кешені де жоғары сапалы екенін көрсетіп келеді.

Ал "Шиповник-АЭРО" РЭК жүйесі ұшқышсыз ұшу аппаратының борт компьютерін бір секунд ішінде бұзып аша алады. Егер таным емес конфигурацияға тап болса, онда бірнеше минут ішінде оны өз бақылауына көшіреді. Сонымен қатар "Шиповник" командалық байланыс орындарын, теле және радиотарату станцияларын, ұялы және басқа да желі модульдерінің жиілігін бәсеңдете алады.

Ресейлік РЭК жүйесі Сирияда ұшақтардың ұшуы мен қонуы, зымырандарды іске қосу, әскерді басқа жерге орналастыру бойынша мәліметтерді қарсыластың радарларынан тиімді жасырып отыр. Сириялық содырлардың сыртқы әлеммен байланыс жүйесін толықтай дерлік жойылған. Жай ғана сөзге дәлел болсын деп айтсақ, онда қанатты зымырандарды іске қосу нүктесіне қайта қайтаруға болады. Еске салсақ, 2017 жылдың 7 сәуірінде америкалық "Росс" және "Портер" эсминецтерінен ұшырылған 59 "Томагавктың" 36-сы межелі нысанаға жетпей жоғалып кетті.

Кейінірек АҚШ қорғаныс министрлігі арнайы мақсаттағы әскер бас басқармасының басшысы генерал Рэймонд Томас "Сирия әлемдегі ең қарқынды радиоэлектронды күрес жүріп жатқан орынға айналғанын" мәлімдеді. Оның айтуынша, ресейлік және сириялық үкіметтік әскер "күн сайын АҚШ-қа үлкен қауіп төндіріп, байланыс жүйелеріне үлкен нұқсан келтіріп жатыр және америкалық ЕС-130 ұшақтарын істен шығаруда".

Сириядағы оқиғалар бүкіл әлем назарын аударып отыр. Сондықтан РЭК жүйелері Ресейдің геосаяси ықпалының артуын қамтамасыз етіп отыр. Осылайша ресейлік қуатты "Мурманск" жүйесі ҚХР мамандарын таңғалдырғаны соншалық Sohu қытай басылымы әлемде мінсіз РЭК техникасы пайда болғанын және ол НАТО ұшақтарын құлатып, АҚШ-тың аспандауына тоқтау болатынын жазды. Журналистердің ақпаратына сәйкес, "Мурманск" АҚШ Армиясының жаһандық қысқа толқынды жүйесін анықтап, осы жүйенің жұмысына 3000 километр радиуста кедергілер тудыруға қабілетті.

Америкадағы The National Interest басылымы былай деп жазды: Ресей РЭК саласында Солтүстік атлантикалық альянс елдерінен сапалы түрде басым тұр және жыл өткен сайын бұл әлеует артып келеді. Альянспен қақтығысқа түсе қалған жағдайда ресейлік радиоэлектронды күрес құралдары бүкіл байланысты өшіріп, НАТО әскерлерінің өзара әрекеттесуіне жол бермейді. Сол сияқты көзге түсе қоймайтын жойғыш ұшақтардың Ресей Федерациясы аумағына басып кіруі сәтсіз аяқталуы ықтимал. Соғыс операциялары кезінде "ұшатын компьютер" саналатын F-35 ұшақтары ресейлік радиоэлектронды күрес жүйелерінің ықпалымен әп-сәтте істен шығады.

Ресейлік теңдессіз РЭК аппараттарының артында ғасырдан да ұзақ даму тарихы жатыр. Радиотолқындарды соғыс кезінде қолдану идеясының өзі де Ресейге тиесілі. Дарынды ғалым, радионы ойлап тапқан Александр Попов 1903 жылы Ресей империясына бағытталған баяндама хатында РЭК құралдарының жұмыс істеу принципін түсіндіріп жазған. Содан кейін бір жыл өткен соң оны соғыста қолдану басталды – Порт-Артурды қорғау кезінде "Победа" броньді тасымалдаушының радиостанциясы жапон эскадрасының түзетуші кемелеренің жұмыстарына кедергі келтіре алды. Бұл жағдай әлі де сәтті жалғасып келе жатыр.

Кілт сөздер:
қару-жарақ, Ресей, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып