Армения ресейлік қаруға неге күмәнмен қарап отыр

© Sputnik / Alexey Kudenko / Медиабанкке өтуБоевая машина реактивной системы залпового огня "Смерч", самоходная пусковая установка 9П78-1 "Искандер-М" и транспортно-заряжающая машина 9т234 на V Международном военно-техническом форуме "Армия-2019"
Боевая машина реактивной системы залпового огня Смерч, самоходная пусковая установка 9П78-1 Искандер-М и транспортно-заряжающая машина 9т234  на V Международном военно-техническом форуме Армия-2019 - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Жазылу
Жоғары технологиялық және жоғары дәлдіктегі қару-жарақ жүйелерін жауынгерлік қолдану үшін арнайы оператор мамандарды даярлау, сенімді барлау мен соққы жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ, саяси даналық пен қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік қажет

Әйтпесе, ең жетілдірілген зымырандардың өзі "дұрыс емес жүйенікі" болып шығуы, ұша алмауы, нысандардың жанынан ұшып өтуі немесе 10 проценті ғана жарылуы мүмкін.

Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашиня 1in.am басылымына берген сұқбатында Таулы Қарабақта жақында өткен соғыс әрекеттеріне баға бере отырып, ресейлік қарудың сенімділігі және соғысқа жарамдылығына күмән келтірді. Оның айтуынша, "Искандер" зымырандары біресе мүлде жарылмады, біресе тек "10 проценті ғана жарылды". Сондай-ақ, мемлекет басшысы әскер саласында құрылымдық және қару-жараққа қатысты реформалар жүргізуге ниетті екенін мәлімдеді.

Армения Республикасының қорғаныс министрлігі премьер-министрдің "Искандерлер" туралы екіұдай ойына қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Конфликт в Нагорном Карабахе - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2020
Армения әскери техника жағынан неге көп шығынға ұшырады?
Ресейдің әлемдік қару-жарақ нарығының үштен бірін бақылауда ұстап отыруы кездейсоқ емес. Оның қару-жарақ экспортының көлемі 2020 жылы 13 миллиард долларды құрады. Бұл цифрлар мен фактілер көптеген ел өзіндік құнына сатып алатын қорғаныс өнімдерінің сапасының айшығы болса керек.

"Искандер" жедел-тактикалық зымыран кешендері ебі бар қол басқарса, Кавказ тауларында да, теңізде де, ал соғыс жағдайында Сирия аумағы мен Африканың солтүстігінде де нысандарға дәл тие алады. Мұндай қаруды көп мемлекет сатып алғысы келгенімен, "Искандер-Э" экспорттық модификациясына қол жеткізетіндер қатары санаулы ғана.

Ресей жоғары технологиялық мүмкіндіктерін оңды-солды кез-келген мемлекетпен бөлісіп жатқан жоқ. Сондықтан, Пашинянның сұқбаты төбеден қойып қалғандай болды. "Искандер-М" кешені Ресей қару-жарағының қатарына 2006 жылы қабылданды. Осы орайда оны "80-ші жылдардың қаруы" деп атаған жөн емес.

Ресейлік ЖТЗК қатысты Армения премьер-министрінің ашық айыптауы бірнеше болжамды тұжырымдар жасауға итермелеп отыр. Ресей қаруын кемсітудің астарында армян әскерін сапалы реформалаудың алғышарттары жатқан жоқ па деген ой туады. Олай болса, Ереван алдағы келешекте қандай қару сатып алмақ және қорғаныс қабілетін қандай стандарттар бойынша нығайтпақшы?

Әрине, Таулы Қарабақтағы қақтығыстан кейін бірқатар тұжырым жасалып, жоспарлар құрылғаны анық. Пашинянның сұқбатынан қорғаныс министрлігі мен бас штабта "соғыс туралы шындықты анықтау, дәлелдеу, білу" үшін аналитикалық жұмыстар жүріп жатқаны белгілі. Сондай-ақ, мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған. 

Көлемді сұқбатта ҰҚШҰ атауы тек бір ғана тұста аталған: ұйымның міндеттемелері Арменияның халықаралық деңгейде мойындалған шекарасында қалыптасқаны туралы сөйлемде. Алайда, ҰҚШҰ Қарабақтағы аумалы-төкпелі жағдай мен тұрақсыздық кезіндегі Арменияның арқа сүйер жалғыз тірегі емес пе. Жиі қолданылатын "революция" мен "конституция" сөздері өздігінен ештеңені реттемейді, ел қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Кез келген мемлекеттің тұрақтылығының негізі – әскер. Бірақ, нақты іс-әрекет жоспары болмай, қандай да бір ауқымды реформалар жайлы айту бос сөз. 

Ресей “Искандер-М” зымыран кешендерін қайта қаруландыруды аяқтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2019
Видео
Ресей "Искандер-М" зымыран кешендерін қайта қаруландыруды аяқтады – видео
"Искандер-М" зымыран кешені жаудың маңызды нысандарын жоғары дәлдікпен 500 километрге дейінгі қашықтықта жоюға арналған. Мысалы, әскери базалар, командалық пункттер мен байланыс тораптары, зымыран кешендері, аэродромдардағы ұшақтар мен тікұшақтар. Армения иелігінде 300 километрге дейінгі қашықтықта оқ ата алатын "Искандер-Э" ЖТЗК бар. Кешеннің негізгі артықшылықтары: стратегиялық мобильділігі, жауынгерлік кезекшілікті жасырынды түрде өтеу және зымыранды соққылар жасау мүмкіндігі, ұшу тапсырмасын автоматты түрде есептеу және іске қосу, оқ ату және радиоэлектронды қарсы әрекеттер кезінде жауынгерлік тапсырманы орындау ықтималдылығы жоғары.

Зымырандардың екі түрін - баллистикалық және қанатты зымырандарды пайдалану есебінен оның жауынгерлік тиімділігі жоғары. Зымыранды ұшыру уақыты бірнеше минутты құраса, іске қосу арасындағы аралық бір минутты құрайды.

"Искандердің" әрбір іске қосу қондырғысы мобильді әрі дербес. Ол кез-келген жерде және уақытта әрекет ете алады. Зымырандарды ұшу кезінде қайта бағыттауға болады. Бұл қозғалыстағы нысандарды көздеуге мүмкіндік береді. Соңғы сәтте айрықша дәлдікті қамтамасыз ететін өздігінен бағыттаудың ақылды оптикалық бастиегі іске қосылады. 9М728 немесе Р-500 бастиектері нысаннан небәрі 1 метрге ғана ауытқуы мүмкін.

"Искандер-М" ЖТЗК дәлдігі, зымырандарды дайындау жеделдігі және басқа да сипаттамалары бойынша LORA, Lance, ATACMS, Pluton сынды шетелдік жедел-тактикалық зымыран кешендерінен асып түседі. Ресейлік кешенге қатты ұқсас израильдік LORA зымыранының өзі қашықтығы мен дәлдігі жағынан осалдау. 2020 жылы ATACMS кешенін модернизациялаудан бас тартқан америкалықтар да кейіндеп келеді.

Жаңалықтар
0