Абу-Дабидегі технологиялық жетістік: қорғаныс кешенінің келешегі

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуЗРК "Викинг"
ЗРК Викинг  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
21-25 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында өтетін IDEX 2021 халықаралық қорғаныс көрмесінде қорғаныс-өнеркәсіптік кешендегі басты жаңашылдықтар таныстырылады

IDEX 2021 қару-жарақ салонындағы бірыңғай ресейлік экспозиция аумағы шамамен 1200 шаршы метрді құрайды. Мұнда 400-ден астам әскери техника қойылады.

Тұңғыш рет Абу-Дабиде соғыстан кейінгі үшінші буынға жататын әлемдегі жалғыз танк - Т-14 "Армата" танкінің шетелдік презентациясы өтеді. Көлік жоғары дәлдіктегі қарудан жоғары дәрежеде қорғаныс дәрежесіне ие. Ол тактикалық буынды автоматты басқару жүйесіне біріге алады және ұшқышсыз ұшу режимінде сынақтан өтті. Бұған дейін Sputnik Т-14 танкі экспортының әлеуеті туралы жазған болатын. Шетелдік сарапшылар Үндістан, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет пен Алжирді "Арматаның" ықтимал сатып алушылары деп атады. "Уралвагонзавод" концерні IDEX-2021 көрмесінде бұл танктен басқа тағы бір тұсаукесер жоспарлап отыр. Бұл - броньдалған әмбебап инженерлік машина (БӘИМ).

Обострение ситуации вокруг Нагорного Карабаха - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2020
Саясат
Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді  
Аймақта алғаш рет броньды тасымалдаушы және "Бумеранг" бірыңғай дөңгелекті платформасы базасындағы жаяу әскерге арналған жауынгерлік машина, үлкен қашықтыққа арналған "Антей-4000" зениттік зымыран кешені және орташа қашықтыққа арналған "Викинг" зениттік зымыран кешені көрермен назарына ұсынылады.

Ресейдің қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытып келеді. "Рособоронэкспорт" "Орион-Э" барлау және шабуылдау кешенін әлемдік нарықта сәтті таныстыруда. Бұл шетелдік мамандардың қызығушылығын тудырып жатыр. Әбу-Дабиде ресейлік танымал "Орлан-10Е" ұшқышсыз ұшу кешені туралы материалдар да ұсынылған.

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка қару-жарақ нарығының негізгі тапсырыс берушілері болып саналады. Бұл мемлекеттердің үлесі жалпы нарықтың шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Мұнда ресейлік қару-жарақ жақсы танымал және жоғары сұранысқа ие. "Ростех" бас директоры Сергей Чемезовтің айтуынша, аталған аймақ елдерінің тапсырысы 2020 жылғы "Рособоронэкспорт" мекемесінің барлық жеткізулерінің 50%-тен астамын құраған. IDEX – тәжірибе және технологиялар алмасуға, жаңа серіктестік басланыстар орнатуға арналған маңызды халықаралық алаң.

Абу-Дабиде көрерменге таныстырылатын ресейлік броньді техниканың қатарында заманауи Т-90МС танкі, модернизацияланған Т-72 танкі және танкті қолдайтын ұрыс машинасы (ТҚҰМ), "Тайфун" және "Торнадо" броньді машиналарының үлгілері бар. "Уралвагонзавод" концернінің экспозициясына ТОС-1A ауыр отшашар жүйесі, 155 миллиметр калибрлі 2С19M1-155 өздігінен жүретін гаубица, калибрі 7,62-57 миллиметр аралығындағы қашықтықтан басқарылатын ұрыс модульдері кіреді.

Бұған дейін аталған БӘИМ машинасы соғыс жағдайында және қарсылас жаппай қырып-жою қаруын қолданған жағдайда инженерлік жұмыстар жүргізуге арналған. Бұл жаңашылдық бірден үш инженерлік машинаның мүмкіндіктерін өз бойына біріктірді. Олар: броньдалған жөндеу-эвакуациялау машинасы, инженерлік жол ашу машинасы және мина тазалайтын броньдалған машина.

"Уралвагонзавод" өнімдері халықаралық қару-жарақ нарығында жоғары сұранысқа ие. Бір күн бұрын концерннің бас директоры Александр Потапов былай деді: "Көрмеде ұсынылған техникаларға Таяу Шығыс, Африка және Азия-Тынық мұхиты аймағының елдері үлкен қызығушылық танытады деп күтеміз. Қорғаныс саласындағы барлық компаниялар үшін IDEX маңызды көрмелердің бірі екені сөзсіз".

Здание министерства обороны Казахстана в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2020
Қоғам
Түркі елдерінің "Тұран армиясы" құрыла ма – қорғаныс министрлігі жауап берді
Бүгінде Ресейдің барлау және шабуыл жасауға арналған тиімді ұшқышсыз ұшу аппараттарының бүтіндей бір желісі қалыптасқан. Әлемнің қару-жарақ нарығында мұндай өнімдерге деген қызығушылық үлкен. Ресей өндірушілері "тосқауыл жасаушы оқ-дәрілер" дайындауда көзге ілінерліктей табысқа жетіп отыр. Олар кейбір сипаттамалары бойынша шетелдік бәсекелестерден озып кетеді.

Сириядағы соғыс жағдайында сынақтан өткен "КУБ және "Ланцет" ұшқышсыз ұшу аппараттары басқарылатын зымырандардан әлдеқайда арзан тұрады және радарлардың көзіне түспейді. "Корсар" аппараты да тәжірибелік пайдалану сатысында тұр.  

Абу-Дабиде "Рособоронэкспорт" алғаш рет "Антей-4000" ЗЗЖ, "Викинг" ЗЗК және "Тор-Э2" ЗЗК ұсынады. Сондай-ақ, әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс С-400 "Триумф" пен "Тор-М2КМ" ЗЗК, "Купол-ПРО" ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы әрекет ету кешені де көрмеге бірінші рет қойылып отыр. Сонымен қатар, Су-35 жойғышы мен Ми-38Т тікұшағының авиациялық техника үлгілері де қойылады.

IDEX 2021 барысында "Рособоронэкспорт" мамандары Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың әскери-саяси басшылығы және бизнес қауымдастық өкілдерімен келіссөздер жүргізеді. Пәкістан мен Ресей көрменің ашылуы қарсаңында қорғаныс саласында бірқатар келісімшартқа қол қойды. Исламабад ресейлік әуе қорғанысы мен танкке қарсы жүйелерді алады. "Рособоронэкспорт" концернінің тапсырыс портфелінде жалпы құны 50 миллиард доллар болатын келісімшарттар бар.

Жаңалықтар
0