Ресейлік АЭС басқа елдердің энергия жүйесіне қалай көмектесіп жатыр

Белорусская АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Росатом" Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын жүргізуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді

Энергия қоры таусылған жағдайда жеке атом энергиясы болашақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуі мүмкін. РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының мұғалімі, экономист Владислав Гинько осындай пікір білдірді.

"АЭС – елдегі электр энергиясының үздіксіз түрлендірілуінің кепілі. Егер, электр энергиясы мейлінше көп болса, онда ол мемлекет басқа елдерге электр энергиясын сату арқылы ауқымды табыс көруіне болады. Сұраныс барлық кезде табылады", - деді Гинько.

Экономист атом электр станцияларын құру бойынша Ресей бірінші орында тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар, Мәскеу осы тектес жобалардағы серіктестік үшін қандай да бір саяси талап қойып отырған жоқ.

Түркия

Ресей түріктердің "Аккую" атом электр станциясының құрылысына кірісті және құрылыс шығындарын да өз мойнына алды. Бұл шамамен 20 миллиард доллар. Ал, түріктер осы станцияда шығарылатын энергияның 50%-ін сатып алу міндетін өзіне жүктеді.

Құрылысы аяқталғаннан кейін АЭС жылына 35 миллиард кВт/сағ энергия өндіретін болады. "Росатом" бағалауы бойынша ұл электр энергиясындағы Түркия сұранысының 10%-і. Бұл халқы 15 миллион адамды құрайтын Стамбулды жеке электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

АЭС 2025 жылға қарай толық қуаттылықта жұмыс істей бастайды. Алайда, АЭС құрылысының пайдасы қазірден байқалып жатыр. Жоба аясында жаңа жұмыс орындары құрылды: 2018 жылдың соңында нысандағы 500 жұмысшының 420-сы Түркия азаматтары болды.

Беларусь

Ресей Федерациясымен энергия саласындағы серіктестіктің сәтті тәжірибесі Беларусьте де бар. Ресей республикадағы алғашқы атом электр станциясы – БелАЭС құрылысымен айналысып жатыр. Бірінші блоктың ресми түрде іске қосылуы 7 қарашада өтті. 11 желтоқсанда АЭС 137 миллион кВт/сағ өндіргені анықталды. Салыстыру үшін айтсақ: республикадағы Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, 2019 жылы электр энергиясын тұтыну 38 миллиард кВт/сағ құраған. Бір айдың ішінде БелАЭС елдегі жылдық көрсеткіштің 4%-ін өндірді.

Елдегі билік АЭС құрылысы станция жанында орналасқан Островец қаласына да оң ықпал етті деп санайды. Островец аудандық атқарушы комитетінің мәліметі бойынша, станция құрылысының арқасында 2,5 мың жұмыс орны құрылды. Жергілікті инфрақұрылым да жақсара түсті: ауданда жаңа алабақшалар, орта мектеп, заманауи аурухана, стадион мен тұрғын үйлер пайда болды.

Өзбекстан

Өзбекстан да "Росатоммен" бірлесіп АЭС құрылысына кіріспекші. 2022 жылы ССЭР-1200 реакторлық қондырғылары бар "3+" буынының екі энергия блогы бар кешен құрылысы жоспарланып отыр.

Строительство АЭС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Қоғам
Росатом Қазақстанда АЭС құрылысына кірісуге дайын – Бородавкин
Республикада қазірдің өзінде электр энергиясының тапшылығы бар. "Өзатом" агенттігінің мәліметі бойынша, қажеттілік көлемі шамамен 66 млрд кВт/сағ болса, іс жүзінде 63 миллиард энергия шығарылуда. Ташкент қалған энергияны көрші мемлекеттерден импорттауға мәжбүр.

Сарапшылардың болжамы бойынша, 2030 жылға қарай Өзбекстанның электр энергиясына деген қажеттілігі шамамен 120 миллиард кВт/сағ жетеді. Бұл қазіргі көрсеткіштен екі есе артық. Сондықтан, республикадағы энергетика министрлігі энергияны түрлендірудің жалпы қуатын 16,4 ГВт-ға артыруды көздейтін тұжырымдаманы бекітті. Ол құжатқа сәйкес бұл көрсеткіш үн, жел, жылу, гидроэнергетика және атом энергиясы есебінен мүмкін болады. Бұл жүйедегі жалпы түрлендіру қуатының (2,4 ГВт) 8,3%-ке дейінгі көлемі АЭС-ке тиесілі болмақ.

Ташкентте бірнеше жылдан бері "Мәскеу инженер-физика институты" ұлттық ядролық зерттеу университетінің (РФ) филиалы жұмыс істейді. Жоғарғы оқу орны жыл сайын мемлекеттік грант бойынша 100 студентті қабылдайды. Дәл осы мамандар оқуды тәмамдағаннан кейін Өзбекстанның атом саласындағы қызметкерлерге айналады.

Жаңалықтар
0