Қазақстан шілде айында өз полигондарында АҚШ, Ұлыбритания және Канада әскерлерінің қатысуымен бірлескен маневрлер өткізуді жоспарлап отыр. Бөлімшелерді басқаруды ұйымдастыру, халықаралық контингенттердің өзара әрекеттесуі, сондай-ақ штабтық рәсімдерді жүргізу 2021 жылы өтетін "Дала қыраны" бірлескен оқу-жаттығуларының мақсаты болып отыр. Қазақстан әскерін НАТО стандарттары бойынша және оның әскерінің құрамында әрекет етуге үйрету жоспарланған.
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ және ҰҚШҰ аясында Ресеймен ынтымақтастықты нығайтуда. Сонымен бірге НАТО және Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты да дамытып жатыр. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгумен және АҚШ Қарулы Күштері орталық қолбасшылығының қолбасшысы Кеннет Маккензимен бірлескен бағдарламалар, жедел және жауынгерлік даярлық бойынша белсенді және тұрақты өзара іс-әрекеттерді жүзеге асырып жүр.
Альянстың "Дала қыраны" атты бірлескен оқу-жаттығулары Қазақстанда 2003 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ол шара кезінде барлық деңгейдегі бөлімшелер мен штабтардағы тактикалық жаттығулар қамтылады.
Шараға жыл сайын 1500-ден астам әскери қызметші, сондай-ақ НАТО-ның әртүрлі штаб-пәтерлерінің сарапшылары, шетелдік әскери бақылаушылар жұмылдырылады. Оқу-жаттығу кезінде әскерилер жауынгерлік тапсырмаларды орындайды, аумақты және елді мекендерді күзетеді, бақылау бекеттерінде қызмет етеді, гуманитарлық жүктерді алып жүреді.
Процесс ерікті болғанымен, альянстың серіктестік бағдарламалары, жеке жоспарлары, бітімгершілік риторикасы және Орталық Азиядағы бірлескен антитеррористік операциялары әскери бөлімдерді НАТО стандарттарына біртіндеп көшіруді көздейтін байқатпай мәжбүрлеу механизмі болып табылады. Қазақстан АҚШ-та жасалған барлау ұшақтарын сатып алуда. Көпбағытты саясат "көпбағытты әскер" тудырады. Ал олардың Қазақстанға және басқа да Орталық Азия елдері үшін пайдалы екені анық емес.
Мұнда мәселе батыс инвестицияларында болуы ғажап емес. Себебі, АҚШ-тың өңірдегі әскери-саяси белсенділігі С5+1 форматы аясында дамып, Орталық Азия инвестициялық серіктестігі арқылы қаржылық салымдармен нығайтылуда.
Мемлекеттік департамент Қазақстан АҚШ-тың әлеуетті стратегиялық серіктесі екенін баса айтып, екі ел арасындағы әскери және әскери-техникалық мәселелерді де қамтитын ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді. Жалпы, екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық екіжақты бірқатар құжаттармен реттеледі. Ал бұл құжаттар көп міндет жүктейді, қарулы күштерді НАТО стандарттары бойынша реформалау және дамытуға бағыттайды.
НАТО Бас хатшысының саяси мәселелер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі көмекшісінің орынбасары Джеймс Аппатурай былай деп мәлімдеді: "Қазақстан мен Өзбекстан НАТО-ның ең белсенді серіктестері. Егер статистиканы, іс-шаралардың санын ескерсек, онда Қазақстан бірінші орында тұрады".
Қазақстанның даму көші әлі де күрделі әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси қиылыста тұр. Америкалық мүдде тұрғысынан алғанда, Қазақстан энергетикалық ресурстардың маңызды көзі және Өзбекстанмен қатар аймақтық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқарады.
Ресей ҰҚШҰ кеңістігінің оңтүстік шекараларын сенімді қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстанның қуатты елге айналуына ниеттес және қандай да бір жеке мүддесін күйттеп отырған жоқ.