Америкалық "Дональд Кук" Қара теңізде не мақсатпен жүр?

© AP Photo / Raymond MaddocksЭсминец "Дональд Кук"
Эсминец Дональд Кук - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күнделікті және түрлі нұсқалы әскери дайындық кезінде Ресей Федерациясының теңіз шекараларына жақын жерде ықтимал жау шыққанда оны дереу қарсы алып, жер үсті кемелері, сүңгуір қайықтар, авиация немесе жағалаудағы зымырандық жүйелер шартты түрде оның көзін жояды

Америкалық "Дональд Кук" эсминці 23 қаңтарда Қара теңізге кіріп, Ресей әскери-теңіз күштерінің тиімді жауынгерлік дайындығы үшін стандартты "нысаналық жағдайды" туындатты. Ұлттық қорғанысты басқару орталығы осы сәтте Қара теңіз флотының күштері мен активтері бақылауға кіріскенін хабарлады.

Фрегат Адмирал флота Касатонов  - Sputnik Қазақстан
Ресейде жаңа әскери кеме сынақтан өтті
Сол күні, БАҚ хабарлауынша, Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің алты жауынгерлік ұшағы Қара теңіздің батыс бөлігінде, Қырым түбегінен шамамен 300 километр қашықтықта америкалық эсминцке шартты түрде шабуыл жасады. Су-30 және Су-27 жойғыштары, сондай-ақ, Су-24 бомбалаушы ұшақтары Қырымдағы авиабазадан ұшып шығып, теңіздегі нысанды анықтап, зымырандық-бомбалаушы қаруды қолдану арқылы қарсыластың көзін жою әрекеттерін пысықтады.

Бұл Ресей Федерациясының теңіз шекаралары маңындағы АҚШ Әскери-теңіз күштері кемелерінің аса белсенді қимылына қарсы әрекеті десе де болады. Осыдан екі ай бұрын "Томагавк" қанатты зымырандарымен қаруланған "Джон МакКейн" эсминеці Ресейдің Үлкен шығанағындағы шекарасын бұзып, Тынық мұхиты флотының "Адмирал Виноградов" ірі кемесімен "қуылды". Содан кейін АҚШ Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы теңіздің бұл бөлігін ресейлік деп мойындамайтынын мәлімдеді. Қырым түбегінің маңында Қиыр Шығыстағы арандатушылықтың қайталану ықтималдығы жоғары. Сондықтан, 23 қаңтарда Ресей бірден "Дональд Кукке" орыстардың шешімді әрекетке дайын екенін көрсетіп, америкалық эсминецтердің Ресей Федерациясының аймақтық суларында "жүзу еркіндігі" туралы мифті жоққа шығарды.

Сонымен қатар, Қара теңіз флотында қысылтаяң жағдайлардағы іс-қимылдарға арналған оқу-жаттығу өтті. Содан кейін Ресей әскери-теңіз күштері жоспарланған жауынгерлік дайындық шараларына байланысты Қара теңіздің солтүстік бөлігіндегі кеме қатынасы үшін мың шаршы километр аумақты жауып тастады. Сарапшылардың пікірінше, бұл "Дональд Кук" эсминецінің "сапарымен" байланысты емес. Алайда, аймақтағы күшейіп келе жатқан әскери-саяси шиеленісті көрсетеді.

"Дональд Кук" ЭМ 1600 километрге дейінгі қашықтықтағы 60-тан астам "Томагавк" қанатты зымырандарын алып жүруге қабілетті. Оның бортында суасты қайықтарына қарсы ASROC зымырандары, "Стандарт" зениттік зымырандары, "Иджис" зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің құрауыштары, жауынгерлік ақпараттық-басқару жүйесі бар. Ол осы арқылы АҚШ-тың НАТО бойынша өз одақтастарымен өзара әрекеттестігінің күшейгендігін көрсетуге тырысып жатыр. Мұндай жарылу қаупі бар арсенал аймақтық тұрақтылықты нығайтуға қызмет етеді дегенге сену қиын. Eegis жүйесінің 36 жылдағы жалғыз "соғыс трофейі" қате сәйкестендіруден кейін (F-14 истребителі ретінде) атып түсірілген IranAir жолаушылар лайнері болғанын еске салайын.

Российская дизельная подводная лодка класса Варшавянка - Sputnik Қазақстан
Ресей Қара теңізде әскери жаттығуды не үшін өткізді?
Эсминецтің "жағалауға қарсы" соққы жасау мүмкіндіктері айтарлықтай ауқымды. Бірақ, соғыс жағдайында әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс жүйесі әлі де тексеруден өтпеген және қанатты "Томагавкалар" теңіздегі соғыс кезінде еш көмектесе алмайды.

"Дональд Кук" АҚШ Әскери-теңіз күштерінің 6-шы флотының құрамына кіреді. Ол 2014 жылдан бері Ресей Федерациясының шекараларына жақын маңдағы Қара теңіз және Балтық теңіздерінде үнемі пайда болады. Дәл осы жылы "Кук" Қара теңізде ресейлік фронттық бомбалаушы Су-24 ұшағымен танысты. АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Су-24 кемесіндегі электронды соғыс құралдары алғаш рет "Дональд Куктың" күрделі электроникасын істен шығарды. Жалпы, аса заманауи емес Су-24 бомбалаушысының суүсті нысандарын авиациямен көзін жоюдың кең спектрі бар.

Ресей оңтүстік-батыс стратегиялық бағытында өзінің әскери топтастыруды күшейтуге және АҚШ пен НАТО әскери-теңіз күштеріне қарсы тұру тактикасын өзгертуге мәжбүр. Соңғы жылдары Ресейдің Қара теңіз флотына алты калибрлі қанатты зымырандармен жабдықталған дизельді-электрлік суасты қайықтары, бірнеше фрегаттар және шағын зымырандамен толықты. С-400 "Триумф" жүйесі мен "Панцир-С" әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыран кешендерінің бірнеше батальоны Қырымда орналастырылды. Жақында Севастополь маңында зымыран шабуылын ескертуге арналған радио-локациялық жүйе пайда болады.

Сонымен қатар, Ресейдік әскери-теңіз флоты да Жерорта теңізіндегі ықпалын кеңейтіп жатыр. Мұнда қазір 10 әскери кеме мен суасты қайықтары бар.

"Қара теңізде америкалық кемелердің болуы Ресейді әркез алаңдатады, әрине. Себебі, олар алыс қашықтықтағы қанатты зымырандар және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерімен қаруланған. Ресейліктер мұндай қауіп-қатерді стратегиялық деп бағалайды және мұндай арсеналдың елді мекендерге немесе маңызды инфрақұрылымға жақын орналасуына ешқашан жол бермейді. Бұл Вирджиниядағы CNA әскери-аналитикалық орталығының Ресейді зерттеу жөніндегі директоры Майкл Кофманның айтқан сөзі.

Алайда, Ресейдің көпнысанды және страгетиялық субмариналарының АҚШ-қа жақын маңдағы бейтарап суларда болуы мен стратегиялық зымыран тасымалдаушы-бомабалаушылардың ұшулары Вашингтонның титығына тиген секілді.

Жаңалықтар
0