Ресейдің жаңа субмаринасы жайлы не білеміз?

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуПодводная лодка ВМФ России, архивное фото
Подводная лодка ВМФ России, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арнайы мақсаттағы атомдық суасты қайығы корпусының құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда гидравликалық сынақтар жақын арада басталуы керек. 2027 жылға дейін Ресей әскери-теңіз флоты бұл кемені алады деп жоспарланып отыр

"Ульяновск" субмаринасы 2017 жылы Севмашта құрастырыла бастады. Оның көлемі "Хабаровск" сұңгуір қайығыныкімен бірдей. Алайда конструкциясында заманауи жүйелер мен механизмдер қолданылды. Military Watch Magazine журналының мәліметі бойынша, бұл кемелер - стратегиялық мақсатта қолданылатын "Борей" зымырандық сүңгуір крейсерлерінің көлемі кішірейтілген конструкциялық "ізбасарлары".

Фрегат Адмирал флота Касатонов  - Sputnik Қазақстан
Ресейде жаңа әскери кеме сынақтан өтті
"Ульяновсктың" "Хабаровск" пен "Белгородтан" (949А жобасының тәжірибелі тасымалдаушысы) арасындағы түбегейлі айырмашылық су жаңа сүңгуір қайық Әскери-теңіз күштерінің қарауаны бортындағы "Посейдон" термоядролық торпедаларымен бірге қабылдануында болып отыр. Жақын болашақта Ресей Солтүстік және Тынық мұхиты флотының жауынгерлік құрамында екі "Посейдон" тасымалдаушысы болуын жоспарлап отыр. 

Көп нысанды "Посейдон" мұхит жүйесі – НАТО әскерлерінің кеңеюіне және Пентагонның Шығыс Еуропадағы соққы жасау әлеуетінің қауіпті түрде артуына, орыстардың қорғаныс әлеуетін жоюға мүмкіндік беретін АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің қалыптасуына Ресей Федерациясының жауабы.

"Посейдон" - бұл Ресейдің Әскери-теңіз күштерінің ең құпия жобаларының бірі. Алайда, бұрын жарияланған болжамды сипаттамалар бірегей ядролық тосқауыл жасау жүйесінің мүмкіндіктерін толық елестетуге мүмкіндік береді.

"Хабаровск" тұжырымдамасының жалғасы және дамуы болып табылатын "Ульяновск" сериялы субмаринасы екі корпусты етіп құрастырылуы мүмкін, оның ұзындығы шамамен 113 метр, толық су сыйымдылығы - 10 мың тоннаға жуық, суға бату тереңдігі 500 метрге дейін жетеді, су астындағы жылдамдығы 30 түйіннен асады. Автономдылығы - 120 күн. Ядролық энергетикалық жаңа қондырғы шексіз қашықтыққа жүзуін қамтамасыз етеді. Экипажы100-ге жуық адамды құрайды. "Ульяновсктың" тұмсық тұсына "Посейдон" термоядролық торпедалары орналастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, сүңгуір қайыққа "Калибр-ПЛ" қанатты зымырандары, гипердыбысты "Циркондар" және жаудың торпедалық шабуылын тойтаруға арналған "Пакет-ПЛ" өзін-өзі қорғау жүйесін қабылдай алады.

Көп нысанды мұхиттық жүйе авиатасымалдағыш соққы жасаушы топтардың көзін жоюға, ірі әскери базаларды және қарсыластың жағалау аймағындағы стратегиялық экономика нысандарына соққы жасауға арналған. Сондай-ақ, агрессор елдің аумағына орны толмас зиян келтіргені үшін де қызмет етеді.

Кеме көл ортасында келе жатыр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Танзанияда кеме аударылып, 100-ден астам адам қаза болды
09851 және 09853 жобаларының ядролық торпедаларын суасты тасымалдаушылары құпия әрі қуатты, төрт айға дейін үлкен тереңдікте жауынгерлік тапсырмаларды орындай алатын жүйе. Олар дүниежүзілік мұхиттың кез-келген нүктесінде әрекет ете алады. Өз кезегінде, "Посейдон" ұшқышсыз ұшу аппараттары одан бетер қуатты және автономды, соғыс кезінде қолдануда бір міні жоқ қару техникасы.

"Посейдон" ядролық қозғалтқышы бар ұшқышсыз ұшу аппаратының ұзындығы шамамен 20 метр, диамтері 1,8 м, салмағы 100 тонна. Әрекет ету қашықтығы шектелмеген десе де болады. Суға бату тереңдігі 1 000 метр болса, жылдамдығы 100 торап (185 км / сағ). Бұл ықтимал жаудың барлық заманауи торпедалары үшін қол жетпейтін параметрлер. Сонымен қатар, термоядролық оқтұмсықты суасты көліктің компьютерлік интеллекті бар және тасымалдаушыдан бірнеше мың шақырым қашықтықта дербес әрекет етуге қабілетті. Ұшқышсыз ұшу аппараты жағдайға қарай тереңдікті және жылдамдықты таңдай алады. Сондай-ақ, максималды жылдамдық кез-келген қауіптен қашып құтылуға мүмкіндік береді. Мұндай нысанды гидроакустика арқылы іздеп табу мүмкін емес.

"Посейдон" теңіз түбіндегі рельефті басшылыққа ала отырып, 10 мың шақырымға дейін қозғала алады. Ал белгіленген нүктеде су түбіне тоқтап, бірнеше ай бойы жауынгерлік пайдалану туралы сигналды немесе базаға оралуды күте алады. "Посейдонның" жауынгерлік бөлігінің қуаты тротильді эквивалентте 100 мегатоннаны құрайды. Сонымен қатар, кобальт секциясы бар оқтұмсық аумақты максималды радиоактивті ластауға арналған.

Мұндай мәліметтер Ресеймен күш сынаспақ болған "серіктестер" үшін арнайы ашық дереккөзде таралғаны белгілі. Атомдық тасымалдаушы субмариналар мен стратегиялық торпедалардың мүмкіндіктері жауап ретінде жойқын ядролық соққы жасауға мүмкіндік береді.

Жоспарға сәйкес дүниежүзілік мұхитта орналастырылған төрт тасымалдағыш субмарина кез-келген қарсыластың жағалаудағы қорғанысын тып-типыл етіп жоя алатын, әскери-теңіз флотының авиатасымалдағыш соққыларына төтеп бере алатын және Forbes бағалауы бойынша, "Американың шығыс немесе батыс жағалауын жермек-жексен ете алатын" 24 "Посейдонды" білдіреді.

Вашингтон өзінің агрессияға толы сыртқы саясатына сүйеніп, әскери-теңіз күштеріне басымдық беріп отыр, ол шетелдік базалардың үлкен желісіне сеніп, ғаламшарды басқаруға тырысуда. Ресей де бұл әрекеттерден теңізде тек стратегиялық және көпнысанды субмариналармен ғана қорғанайын деп отырған жоқ.

Обострение ситуации вокруг Нагорного Карабаха - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді  
Жалпы, америкалықтар сарапшылар да "Посейдон" зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен крейсерлердің тоқтаусыз құрылысына, АҚШ-тағы сүңгуір қайықтардың жаппай шығарылуына Ресейдің жауабы екенін жақсы түсініп отыр.

Америкалықтар "Посейдонның" пайда болғанына біршама алаңдап қалды. Әскери қақтығыс кезінде бұл қаруды қолдану халықаралық құқық нормаларына сәйкес келеді ме деген сауал оларды қатты толғандырып жүр. Бұл риторикалық сауал.

Ресейлік "Посейдондар" АҚШ-ты қос мұхит кепілдендіріп тұрған қауіпсіздіктен ажыратып отыр. Термоядролық қондырғымен жабдықталған "ақылды" суасты дрондары кез-келген қарсыласты бейбітшілікке мәжбүрлеп, келіссөздер жүргізуге "ынталандырады". Алайда, америкалықтар қомақты бюджет қаражатын жұмсап, бұл крейсерлерге қарсы төтеп бере алатын жаңа субмаринаны әзірлей алады. БІРАҚ, Ресей Федерациясынан көш кейін қалып келе жатқан АҚШ әскери технологиясы бұл жоспарды орындауы екіталай.

Қалай болғанда да, ядролық энергетикалық қондырғысы бар ресейлік стратегиялық құрлықаралық терең суларға арналған аппараттың болашағы зор. Ал, Мәскеу өзінің гуманистік ұстанымымен ең "қолайсыз" серіктестерімен де тең және бейбіт келіссөздерге жүргізуге дайын.

Жаңалықтар
0