Ауғанстан хроникасы: тәлібтер қаруланып, америкалықтар еліне қайтып жатыр

© REUTERS / Omar SobhaniАфганские военные на месте взрыва
Афганские военные на месте взрыва - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ әскерлері Ауғанстаннан шығарылып жатқан уақытында елдің солтүстік және оңтүстік провинцияларында үкіметтік қарулы күштер мен тәлібтер арасындағы қақтығыстар жалғасуда

Сонымен бірге, террористік топ қару-жарақпен жабдықталу және оның технологиялық деңгейін арттырып, ұшқышсыз ұшу аппараттарының соңғы үлгілерін және түнде көру мүмкіндігі бар снайперлік мылтықтарды белсенді қолданып жатыр.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мемлекет басшысы Ауғанстан президентіне жеделхат жолдады
"Талибанмен"* 2020 жылдың 29 ақпанындағы келісімшарт талаптарын орындау мақсатында АҚШ кезең-кезеңімен өз әскерін Ауғанстан Ислам Республикасының (АИР) аумағынан шығарып жатыр. АҚШ Қорғаныс министрі міндетін атқарушы Кристофер Миллер 17 қарашада 15 қаңтарға дейін мұсылман елінде бүгінгі 4 500 сарбаздан 2 500 әскери қызметкер қалатынын мәлімдеген болатын. Ал, өз кезегінде тәлібтер әскери белсенділігін арттырып, 2001 жылдың қазанында Ауғанстанда басталған АҚШ-тың әскери операциясы мен ауқымды шығынының мәнсіздігі мен жүзеге аспағанын айқындап отыр.

Ауғанстанның солтүстігіндеі Фарьяб провинциясының губернаторы Накибулла Файк дүйсенбі күні "Талибанның"* түнде нысанды дәл көздей алатын үздік снайперлік винтовкалармен қаруланғанын мәлімдеді. Содырлар барлау жүргізу үшін шетелде шығарылған ұшқышсыз ұшу аппараттарын да пайдаланады. Террористік топтың мұндай жаңашылдықтары үкіметтік қарулы күштерге үлкен қауіп төндіріп, көрші елдердің мазасын кетіріп жатыр және ауған халқының бейбіт өмірін тағы да көзден бұлбұл ұшырып отыр.

Ауғанстан қақтығыстар салдарынан күн сайын жараланған және өлтірілген ондаған әскерилер және полицейлерінен айырылып жатыр. Бұл қалыпты жағдайға айналғаны соншалық, жүздеген адамның өмірін жалмаған ауқымды теракт қана елді елең еткізеді. Оқиғалар легі ислам еліне бейбіт өмір жақын уақытта келеді деген үміттің мардымсыз екенін көрсетіп тұр.

Тәлібтер 18 қарашада Баглан провинциясының солтүстігіндегі қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасап, екі ауған сарбазы көз жұмды. Сол күні Фаряб провинциясындағы жол бойындағы мина жарылуынан қауіпсіздік күштерінің бес қызметкері, соның ішінде уездік полиция басшысы Сафар Мохаммад Бидар қаза тапты. Дәл осы провинциядағы шекаралас Кайсар уезінде үкімет қарулы күштері шабуыл барысында 39 тәлібті өлтірді.

АҚШ әскерилері, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
АҚШ өз әскерлерін Ауғанстан аумағынан неге шығарып жатыр
Бір күн бұрын тәлібтер солтүстік-шығыста орналасқан Бадахшан провинциясындағы бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасауы салдарынан 12 полиция қызметкері қаза тауып, он заң қызметкері жараланды. Елдің көптеген провинциясында қақтығыстар өтті. АИР Қорғаныс министрлігі Кундуз провинциясының Дашти-Арчи уезіндегі әуе шабуылы кезінде 37 "Талибан"* содырының өлтірілгені туралы хабарлады, Сол сияқты, Герат провинциясындағы қақтығыста алты, Забулда тағы он тәліб көз жұмды.

Ауғанстан қауіпсіздік күштері операциялардың 96%-ін шетелдік әскери қызметкерлердің қолдауынсыз өздігінен жүргізіп жатқанын ескеру керек. Шетелдәк әскерилердің АИР-дегі жұмысы барған сайын пайдасыз сипатта болып келеді. Ақылға қонымсыз жағдайды австралиялық серіктестердің 2009-2013 жылдары Ауғанстанның 39 азаматын (тұтқын содырларды) негізсіз өлтіргені үшін өкініш білдіруі өршіте түсті. Австралия қарулы күштерінің қолбасшысы генерал Ангус Кэмпбелл осы іс үшін Ауғанстаннан кешірім сұрап, арнайы жасақтың құрамындағы күдікті 25 әскери қызметкерді жауапкершілікке тартуға уәде берді.

Егер, Австралияның артынан тағы бірқатар ел осы мойындау эстафетасын жалғастырып, нақты сандарды жария етсе, әлем дүр сілкінер еді. Себебі, БҰҰ мәліметі бойынша, соңғы он жылдың өзінде соғыс әрекеттерінің салдарынан 100 мың ауған азаматы жараланды.

Зорлық-зомбылықтың белең алуы және Ауғанстанда халықаралық террористердің шоғырлануы НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің АҚШ пен альянс әскерін елден мерзімінен бұрын шығаруға қарсы мәлімдеме жасауға итермеледі. Вашингтон жоспарына қарсы шығудың бұл әрекеті АИР-дағы ахуал тәлібтердің уысына ығысып, жағдай ушыққан сәтте еуропалықтардың Ауғанстандағы соғысқа қайта оралғысы келмегендіктен туындап отыр. Бір қызығы, күні кеше ғана Столтенберг АИР президентімен НАТО миссиясын талқылап, халықаралық терроризммен күресте қол ұшын созуға және ауғандық қауіпсіздік күштері үшін оқу-жаттығу мен консультациялар жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Пожилой мужчина на обочине дороги на окраине Герата, Афганистан - Sputnik Қазақстан
Тәлібтер Орталық Азияға қандай қауіп төндіріп тұр?
Өз тарапынан Орталық Азия мен Еуроодақ ауғандықтарды оқ атуды тез арада доғаруға шақырып жатыр. Себебі, бұл Ауғанстанды өңірлік экономикалық процестерге қосу, ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті басты талаптың бірі. Ресей АИР-дың Шанхай ынтымақтастық ұйымының толық құқылы мүшесі болу ниетін қолдайды. Кабул Душанбе, Минск, Ташкент және басқа елдермен екіжақты ынтымақтастықты сәтті дамытып келеді.

Жақында ғана ауған астанасында Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан президент Ашраф Ганимен "Талибанмен"* екіжақты қарым-қатынас пен бейбіт келіссөздерді талқылады. Нью-Дели де бұл бағытта белсенділік танытып отыр.

Өзара бәсекелес болып табылатын Үндістан мен Пәкістан Ауғанстанға бақылау жүргізуді иемденуде сақтық танытып, америкалықтар кеткен соң өз ықпалын арттыруға ниеттеніп отыр. Бұл "үшбұрышты қарым-қатынаста" ара-тұра от шығып жатады. Бұрынырақ Пәкістан әскерінің ресми өкілі генерал Бабар Ифтихар "үндістандық дипломаттар Ауғанстанда түрлі террористік әрекеттерге бақылау жасап отыр" деген мәлімдеме жасап, оларды Пәкістанға қарсы шабуыл жасау мақсатында содырларға қаржылай көмек көрсетіп жатыр деп айыптады. Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Көрші елдердің мұндай жіті назары Ашраф Гани әкімшілігін ауқымды азаматтық соғыс мәселесін талқылауға мәжбүрлейді.

Қалай болған күнде де, Ауғанстандағы оқиғалар ондаған жыл бойы көрші елдердегі саясатқа, экономикаға, қауіпсіздікке және миллиардтаған адамның өміріне ықпал етіп келеді.

* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар
0