"Циркон" – әскери қауіп-қатерге қарсы тұратын заманауи технология

Жазылу
Ресей әлемнің ешбір елінде теңдесі жоқ, жоғары дәлдіктегі тиімді қаруды сәтті сынақтан өткізе отырып, гипердыбысты зымыран өндіруде алғы шепке шықты

7 қазанда Арктиканың қатал табиғаты жағдайында "Циркон" зымыранының нысанды дәл көздеп, тез жоюы Ресей Федерациясының қарулы күштерін соңғы үлгідегі қару-жарақ жүйелерімен және кешендерімен қайта жабдықтау бағытындағы жаңаша қадам болды.

РФ президенті Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
Ресей гипердыбысты "Циркон" зымыранын сынақтан өткізді
Ақ теңізде "Кеңес Одағының адмиралы Горшковтың флоты" фрегатынан ұшырылған гипердыбысты "Циркон" зымыраны Баренцев теңізіндегі нысанды төрт жарым минут ішінде 450 шақырым қашықтықта дәл көздеп, Ресей Федерациясының арктикалық шекаралары мен Солтүстік теңіз жолы қаншалықты сенімді қорғалғанын көрсетті. Жылдамдық 8 Maх-тан асып, ұшудың ең жоғары биіктігі 28 шақырымға жетті.

8 Maх-тан жоғары жылдамдыққа жеткенде бұл зымырандар ықтималы қарсыластың барлық қолданыстағы және болашақтағы әуе қорғанысы мен зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін өзінің шаңына да ілестірмей кетеді. "Цирконның" таңқаларлық "қасиеті" оның ядролық қарумен бәсекеге түсуіне мүмкіндік береді. Әдетте, гипердыбысты зымыран оқтұмсығының бір соққысы әуе кемесін немесе қарсыластың жердегі үлкен нысанын жою үшін жеткілікті (ядролық оқтұмсықтар да бар).

Ең жаңа ресейлік әскери кемелердің бірі – "Адмирал Горшков" фрегаты алғаш рет гипердыбысты зымыранмен теңіздегі нысанаға дөп тиді. Бұған дейін сынақ ұшырылымдары гипердыбысты "Циркон" зымыранының жылдамдығын тактикалық-техникалық сипаттамаларын атыстың қашықтығы мен дәлдігі тұрғысынан растады. Мемлекеттік сынақтардың барлық циклі аяқталғаннан кейін "Адмирал Горшков" бортынан және "Северодвинск" атомдық сүңгуір қайығынан 10-ға жуық ұшырылым жүзеге асты. Ал 2020-2021 жылдары жерүсті кемелері мен сүңгуір қайықтарын "Цирконмен" қаруландыру жоспарланып отыр. Гипердыбысты зымырандармен қайта қаруландыру тек әскери-теңіз күштерімен ғана шектелмейді. Бұған дейін Владимир Путин "Цирконды" жерде де іске қосу туралы айтқан болатын.

Әскери басымдық

Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "Циркондарды" "Адмирал Нахимов" крейсері, "Адмирал Горшков" типіндегі фрегаттар, 20385 жобасының корветтері, 22350, 23560 жобаларының жерүсті кемелері және 885, 885M, 949AM жобаларының атомдық сүңгуір қайықтары алады. "Циркондарды" енгізу "Калибр" және "Оникс" үшін бірыңғайланған ұшыру қондырғыларын өзгертуді қажет етпейтінін ескеріңіз. Модернизация барысында гипердыбыстық зымырандарды басқа да әскери кемелер ала алады. Бұл Ресей әскери-теңіз күштері әлеуетінің жылдам қарқын алуын қамтамасыз етеді. Оған бірнеше мысал келтіруге болады. 

Зымыранға қарсы жүйе - Sputnik Қазақстан
Ресей Қазақстандағы полигонда зымыран шабуылына қарсы сынақ жүргізді
Әскери жағдайда Ресейдің әскери-теңіз күштерінің теңізден соққы беру тобы (ТСТ), бір мың шақырымнан астам қашықтыққа ұшатын жоғары жылдамдықтағы зымырандармен жабдықталған, 10-15 "Цирконмен" қарсыластың әуе кемесінің соққы тобын (ӘСТ) бірінші болып анықтап, жоюға қабілетті. "Циркондармен" болған жекпе-жекте АҚШ пен НАТО-ның кемеге қарсы қолданылатын зымырандары 500 шақырымға дейінгі қашықтыққа ие болғанына қарамастан, ұтылатыны айдан анық (тіпті жылдамдықты ескермегенде).

Ықтимал қарсыластың әуе кемесінің әскери радиусы 800 шақырымнан аспайды, яғни ӘСТ-нің ресейлік кемелерге алдын ала жаппай соққы беруі өте қиынға соғады. Қарсыласқа бағытталған әуе кемелерінің 2 000 шақырымға дейінгі қашықтықта жұптармен немесе жеке бөлімдермен жасаған әрекеттері де тиімсіз болады, себебі ресейлік әуе қорғанысының ТСТ жүйесі өте мықты.

"Циркон" қарсыластың әуе қорғаныс аймағын бірнеше секундта еңсеруге қабілетті. Объективті түрде екі крейсерден тұратын ТСТ немесе басқарылатын зымыран жойғыштардың бір гипердыбысты зымыранның соққысын тойтаруға мүмкіндігі жоқ. Гипердыбысты зымыранның орасан зор кинетикалық энергиясы Arleigh Burke класындағы басқарылатын зымыран жойғыштың екеуін бірдей жойып жіберуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейін, ресейлік фрегаттар мен шағын зымыран кемелерінде сәйкесінше "Калибр", "Оникс" және болашақта "Циркондарды" ұшыруға арналған 16 және 8 ұяшықтар бар. Бұл салыстырмалы түрде кішігірім кемелерді әуе кемелеріне соққы жасайтын топтарға елеулі түрде қарсылас етеді. Мысалы, Ұлыбритания Корольдігінің әскери-теңіз күштерінің заманауи әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері сағатына 3700 шақырымнан жоғары емес жылдамдықпен ұшатын әуе нысандарын дәл атып түсіруге қабілетті, ал ресейлік "Циркон" олар үшін алған бағытынан "тоқтамайтын" зымырандар.

Соңғы үлгідегі ресейлік гипердыбысты зымырандар теңіздегі және жердегі стационарлық нысандарды (командалық бекеттер, арсеналдар, аэродромдар мен порттық қондырғылар) жоюға арналған жоғары дәлдіктегі "Калибрлердің" мүмкіндіктерін толықтырады. "Циркон" Ресей Федерациясымен одақтас болмаған мемлекеттердің әскери-теңіз күштерінің тактикасы мен технологиясына түбегейлі өзгерістердің енгізілуін талап етуде. 2025 жылдан кейін "Циркондары" бар орыс сүңгуір қайықтарының жоғары құпиялығы ықтимал қарсыластың ӘСТ-ін Дүниежүзілік мұхиттың кез келген нүктесінде осал етері анық.

Технологиялық шеберлік

Репетиция парада Победы в Екатеринбурге - Sputnik Қазақстан
"Армата" танкісін Сирияда не үшін сынақтан өткізіп жатыр
Гипердыбысты аппарат дәстүрлі реактивті қозғалтқышпен басқарылмайды. "Цирконның" зымырандық қозғалтқышы "Децилин-М" отыны негізінде іске қосылады. Жылдам жану үшін атмосфералық оттегі тотықтырғыш ретінде қолданылады. Мұндай жаңа қарудың тетігін сәтті іске қосу үшін көптеген ғылыми-техникалық мәселелерді шешу қажет болды.

Ашық ақпарат көздерінен "Циркон" зымыранының (3К-22) ұзындығы шамамен 6 метр, оқтұмсығының салмағы 300 келі екені белгілі. Жоғарыда айтылғандай, "тоқтамайтын" зымыранды іске қосу үшін бұған дейін жасалған 3С-14 әмбебап кеме ату жүйесі қолданылады.

Америкалықтар стратегиялық әуе шабуылына қажетті гипердыбысты стратегиялық қаруларды қарқынды түрде (және салыстырмалы түрде тиімсіз) дамытуда. АҚШ-та әуе кемелеріне қарсы қолданылатын "Цирконға" тең келетін гипердыбысты зымырандар жоқ. Сарапшылардың пікірінше, Ресей Федерациясының бұл саладағы артықшылығы кем дегенде 10 жылға созылады.

Ресейлік гипердыбыстық қарудың әлемде бәсекелесі жоқ, оны батыстың Rand зерттеу орталығы да мойындады. "Циркон" - бұл тек Ресей Федерациясының сыртқы әскери қауіп-қатерлерге берген жауабы, бейбітшілікті сақтау технологиясы. Ал АҚШ-тың Ресейдің қару-жарақ саласынан технологиялық жағынан айтарлықтай артта қалуы Вашингтон мен Брюссельдің әскери стратегиясына нұқсан келтіріп тұр.

Жаңалықтар
0