Қарабақтағы шиеленіс: шынайы жағдайды жасыру кімге тиімді

© Sputnik / Ministry of Defence of ArmeniaТаулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдар
Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2020 жылдың қыркүйегінде Таулы Қарабақта басталған Әзербайжан мен Арменияның қарулы қақтығысы ұрыс даласынан бұрын-соңды болмаған көп хабардың келіп түсуімен, оларды қарсы тараптың дереу жоққа шығаруымен ерекшеленіп отыр

Бұл халықаралық бақылаушылардың жағдайға объективті түрде талдау жүргізуін сөзсіз қиындатады. Сондай-ақ, Баку мен Ереванның кез-келген ресми мәлімдемелеріне сенімсіздік туғызады.

Күмәнді цифрлар мен фактілер, күдік ұялататын көріністер қыркүйектегі ұрыс қимылдарының беталысын айқындауға кері әсер ететін факторға айналды. Мәселен, Армения қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Әзербайжанның 49 ұшқышсыз ұшу аппараты атып түсірілгенімен, бір ғана жойылған құрылғының суреті жарияланды. Өз кезегінде Әзербайжан қорғаныс министрлігі армяндардың 18 ұшқышсыз ұшағын, сондай-ақ олардың 80 танкісі  мен жеке құрамның (екі мыңға жуық адам) бүкіл полкін жермен жексен еткенін хабарлады.

Таулы Қарабақ: қақтығыстың ушығуына қатысты әлем елдері не дейді? - Sputnik Қазақстан
Видео
Таулы Қарабақ: қақтығыстың ушығуына қатысты әлем елдері не дейді?
Соңғы онжылдықта әлем мойындамаған Таулы Қарабақ республикасы аймағындағы әскери-саяси текетірес кезінде Армения мен Әзербайжан бар болғаны 20-ға тарта ұшқышсыз ұшу құрылғысынан айырылған. Ал ұрыс даласында қорғаныстағы позициясы бір шақырымнан асатын армян полкін тез жойып жіберу үшін жаппай қырып-жою қаруы қажет. Алайда, Армения қорғаныс министрлігі де Әзербайжанның 790 әскери азаматынан айырылғанын жариялады. Егер бұл шындықққа жанасатын шығындар болса, мұндай қарқынмен екі армияның әлеуеті қысқа дейін жетпеуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, әртүрлі бағалаулар бойынша Әзербайжанда мобилизацияға дейін 65 мыңнан 126 мыңға дейін, Армения мен мойындалмаған Таулы Қарабақ армиясында 65 мыңға дейін әскери азамат болған.

Арменияның қорғаныс министрлігі түрік ӘӘК-нің F-16 жойғыш ұшағы 29 қыркүйекте Әзербайжанның Гянджа аэродромынан әуеге көтеріліп, Варденис маңында Арменияның Су-25 шабуылдаушы ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді. Ұшқыш-майор Валерий Данелин қаза тапқан. Ұшақ қирандысының суреттері жарияланғанымен, одан әуе апатының неден болғанын анықтау қиын.

Арменияның әскери ведомствосы ұрыс қимылдарына түрік күштерінің қатысуын дәлелдейтін толық мәліметті ұсынуға уәде берді. Ал Әзірбайжан мен Түркия армян тарапына әуе соққысының жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Баку әскери авиацияны мүлдем пайдаланбайтынын атап өтті.

Әзербайжан республикасы президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиевтің берген мәліметінше, Арменияның екі Су-25 ұшағы тауға соғылып, жарылған. Мұндай жағдайлар бұрын да ауа-райының қолайсыздығына байланысты Арменияда және басқа елдерде кездескен. Оның үстіне ұшақ техниканың ескіруінің салдарынан және Арменияның әуе қорғанысы кешендерінің кездейсоқ "шабуылынан" құлап кетуі мүмкін.

Егер армянның Су-25 ұшағын қарсыласы атып түсірген болса, Армения республикасының қорғаныс министрлігінің мамандары түріктің F-16 жойғыш ұшағын қалай бақылаған және неліктен тым болмағанда Гянджа әуежайына қарсы соққы жасамаған? Әзірге мұның бәрі күмән ұялатады.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 30 қыркүйекте журналистермен кездесу кезінде "Әзербайжанға қарсы Су-30SM (және F-16) жойғыш ұшақтарының және "Искандер" жедел-тактикалық зымыран кешенінің қолданылуы мүмкін бе?" деген тікелей қойылған сауалға жауап беруден қашқақтаған еді.

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келе ала ма?

Ресей мен әлемдік қауымдастықтың көптеген мемлекеті Баку мен Ереванды соғыс өртін дереу сөндіруге шақырып отыр. Ресей президенті Владимир Путин 29 қыркүйекте Армян премьер-министрі Никол Пашинянмен әңгімелесу барысында шиеленіс аймағында болып жатқан ұрыс қимылдарына қатысты алаңдаушылығын білдіріп, деэскалация қажеттігіне баса назар аударған болатын. Сонымен қатар, Путин әзербайжандық әріптесі Ильхам Әлиевпен қажеттілік болған жағдайда келіссөз жүргізетін болады.

Жаңалықтар
0