Өңірлер

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

© Photo : Polisia.kzНачальник столичного департамента полиции назначен Марат Тулебаев (крайний слева)
Начальник столичного департамента полиции назначен Марат Тулебаев (крайний слева) - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2022
Жазылу
Бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Сәденов Қазақстан президентінің өкімімен жақында ішкі істер министрінің орынбасары болды
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы болып Марат Төлебаев тағайындалды, деп хабарлады Polisia.kz.
Бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Сәденов Қазақстан президентінің өкімімен жақында ішкі істер министрінің орынбасары болды.
Төлебаев президент әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалды. ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев оны жеке құрамға таныстырды.
"Елорда қарқынды өсіп, дамып келеді, оның тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Аумақтық бөлімшені басқаруда мол тәжірибесі бар Марат Төлебаев мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттерін орындау жұмыстарын, оның ішінде халықпен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, полиция қызметін цифрландыру және қылмысқа қарсы күресті тиісті деңгейде жалғастыратынына сенімдімін", - деді министр.
Тұрғымбаев елорда әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың қатарында болуға тиіс екенін баса айтты.
Марат Сағынтайұлы Төлебаев 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарындағы қызметін Қостанай облысында қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастады. Әр жылдары елордада полиция департаментінің бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды.
Қостанай облысы және Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментін басқарды. Полиция генерал-майоры.
Жаңалықтар
0