12:48 29 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD433.83
  • EUR482.81
  • RUB5.57
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
108 0 0

Мемлекет басшысы отандық және шетелдік сәулетшілерді, урбанистерді шақырып, жобаны ары қарай пайдаланудың жолдарын анықтауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Елорданың урбанистика орталығы LRT жобасы бойынша ұсыныстар қабылдауға кірісті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімдігінің урбанистика орталығы LRT жобасының тағдырын талқылауға қызығушылық танытқан көлік қызметкерлерін, инженерлерді, құрылысшыларды, сәулетшілерді, урбанистерді және тағы басқа мамандарды шақырады.

Ұсыныстар мен идеялардың бәрін, жобаны пайдаланудың ықтимал нұсқаларын орталықтандырылған урбанистика орталығының ресми поштасына жіберуге болады - Centerofurbanism@gmail.com.

Алдын ала іріктеу қорытындысы бойынша LRT жобасын пайдалану нұсқаларын талқылау үшін авторлар мен қауымдастықтар шақырылмақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда жасаған үндеуінде бұл жобаның әу баста үлкен қателік болғанын ерекше атап өтті.

"Ол жобадан жемқорлықтың иісі ұрып тұр. Енді, тиімді шешім қабылдау қажет. Оны жай бұза салатын болсақ, уақыт та, ақша да текке кетеді. Бізде басқа амал жоқ. Отандық және шетелдік сәулетшілерді, урбанистерді шақырып, осы жобаны ары қарай пайдаланудың жолдарын анықтаумыз керек", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Загрузка...

Басты тақырып