Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері дабыл қақты

© Photo : сайт акимата столицыГлавный государственный санитарный врач города Сархат Бейсенова
Главный государственный санитарный врач города Сархат Бейсенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Қаңтардың алғашқы 12 күнінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 9428 науқас анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Жаңа жылдың екі аптасында  желтоқсан айындағы көрсеткіштен үш есе көп адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Еліміздің бас қаласында COVID-19 індетінің тез таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделі деп бағалануда. Соңғы тәулікте зертханада расталған 3312 жағдай тіркелді (симптомдары бар 2 649, симптомсыз 663 жағдай), өсім 2,07 процентті құрады. Ал бір аптаның ішінде 9 136 жағдай тіркелген", - деді Бейсенова бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, вирусты жұқтыру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда алдыңғы аптадан 7,9 есе жоғары. Ал апталық көрсеткіш 97,3-тен бірден 768,8-ге дейін өсті. Репродуктивтік көрсеткіш 3,08-ге жетті, яғни бір науқас вирусты 3-4 адамға жұқтырып жүр.
"Қаңтардың алғашқы 12 күнінде барлығы 40 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Коронавирус инфекциясын жұқтырған 9428 науқас анықталды, бұл 2021 жылдың желтоқсанынан 3 есе артық (2737 жағдай)", - деп атап өтті Бейсенова.
Бұдан бөлек, соңғы күндері 25-39 жастағы адамдар арасында вирусты жұқтыру көрсеткіші біршама өсті.
Айта кетері, Нұр-Сұлтанда "Омикрон" штамының циркуляциясы анықталған. Бұдан бөлек, адамдар бетперде тақпайды, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Вакцинацияның маңыздылығына мән бермейді. Соның салдарынан "Омикрон" штамы тез таралып кеткен. Бас санитар шектеу және карантиндік шараларды күшейтуге шешім қабылдады.
Оқи отырыңыз: Елорда мектептерінде сабақ онлайн форматқа ауыстырылды – жаңа қаулы 
Жаңалықтар
0