Елорда тынысы

Жолаушылар тоңқалаң асып ұшып түсті – Нұр-Сұлтанда автобуста түсірілген видео

© Sputnik / Абзал КалиевПассажиры выходят из автобуса
Пассажиры выходят из автобуса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Жазылу
Жыл басынан бері елордада автобустар басқа жүргізушілердің кінәсінен 394 рет жол апатына ұшыраған
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. CTS көлік компаниясы жүргізушілер қоғамдық көліктің жолын кесіп өткен кезде автобус салонында не болатынын көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от City Transportation Systems (@cts_kz)

"Жүргізушілер қоғамдық көлікті өткізіп жібермей, жолын кесіп өтетін кездер жиі кездеседі. Оның ауыр зардабы болуы мүмкін екенін ұмытпау керек. Мұндай жағдайларда автобус жүргізушісі жол апатының алдын алу үшін шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болады. Салдарынан автобус салонындағы жолаушылар құлап кетіп, әртүрлі ауыр жарақат алып жатады", - деп хабарлады CTS мамандары.
2021 жылдың басынан бері жолдағы басқа жүргізушілердің кінәсінен қоғамдық көліктер 394 рет жол апатына ұшырады. Оларда 30 жолаушы зардап шекті, деп атап өтті компания.
Сонымен қатар CTS жүргізушілерді жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтауға және жолдарда қоғамдық көлікті өткізіп жіберуге шақырды. Өйткені жеңіл көлікте 1-2 адам, ал автобуста 70-80 жолаушыға дейін болады.
Оқи отырыңыз: "Жаман сөздің бәрін біз естиміз": Нұр-Сұлтанда автобус айдайтын көпбалалы ананың әңгімесі 
Жаңалықтар
0