https://sputnik.kz/20211222/elorda-karantin-kusheitu-18957040.html
Елордада карантин күшейтілуі мүмкін
Елордада карантин күшейтілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
15 желтоқсаннан бастап елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "жасыл" аймағында тұр. Бірақ өткен аптада Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекцияcын... 22.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-22T15:06+0500
2021-12-22T15:06+0500
2023-08-10T12:11+0500
елорда тынысы
елорда
карантин
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18892615_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d13b76fddea0b72aec6b15194a5d75bd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан — Sputnik. Нұр-Сұлтан тағы да коронавирус инфекцияның таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа өтуі мүмкін. Санитар дәрігерлер шамалы өсім болғанын жеткізді. Жақында карантинді күшейту шараларын қолдану туралы түпкілікті шешім белгілі болады.15 желтоқсаннан бастап елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "жасыл" аймағында тұр.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бүгінде коронавирус инфекциясының даму қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан қаласында репродуктивті сан RT-0,993-ке жеткенін хабарлады. 1,0 көрсеткішіне өте жақын, одан асып кеткен жағдайда қала "сары" аймаққа көшеді. RT репродуктивті саны коронавирус таралуы бойынша аймақтарға бөлу талаптарының бірі болып саналады."17 желтоқсанда 532 жағдай, 18 желтоқсанда - 536, 19 желтоқсанда - 521, 20 желтоқсанда - 545 және 21 желтоқсанда аптасына 552 жағдай тіркелген. Ауруға шалдығу көрсеткішінің өсуі байқалады, соның есебінен Rt-саны артуда. Елорда бір апта бойы "жасыл" аймақта болды, қосымша жеңілдіктер енгізілуі керек еді. Алайда тұрақсыз ахуалды ескере отырып, мерекеден кейін эпидемиялық жағдайды тағы екі күн бақылау жоспарлануда. Егер коронавирус инфекциясын жұқтыру азайса, карантин шаралары жеңілдетіледі", - делінген хабарламада.Дәрігерлер бетперде режимі мен арақашықтықты сақтап, адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18892615_333:0:3000:2000_1920x0_80_0_0_5ae0c3cde5b99d0e049ee2088299a303.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елорда, карантин, коронавирус
елорда, карантин, коронавирус
Елордада карантин күшейтілуі мүмкін
15:06 22.12.2021 (жаңартылды: 12:11 10.08.2023) 15 желтоқсаннан бастап елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "жасыл" аймағында тұр. Бірақ өткен аптада Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекцияcын жұқтырғандар саны артты
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан — Sputnik. Нұр-Сұлтан тағы да коронавирус инфекцияның таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа өтуі мүмкін. Санитар дәрігерлер шамалы өсім болғанын жеткізді. Жақында карантинді күшейту шараларын қолдану туралы түпкілікті шешім белгілі болады.
15 желтоқсаннан бастап елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "жасыл" аймағында тұр.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бүгінде коронавирус инфекциясының даму қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан қаласында репродуктивті сан RT-0,993-ке жеткенін хабарлады. 1,0 көрсеткішіне өте жақын, одан асып кеткен жағдайда қала "сары" аймаққа көшеді. RT репродуктивті саны коронавирус таралуы бойынша аймақтарға бөлу талаптарының бірі болып саналады.
"17 желтоқсанда 532 жағдай, 18 желтоқсанда - 536, 19 желтоқсанда - 521, 20 желтоқсанда - 545 және 21 желтоқсанда аптасына 552 жағдай тіркелген. Ауруға шалдығу көрсеткішінің өсуі байқалады, соның есебінен Rt-саны артуда. Елорда бір апта бойы "жасыл" аймақта болды, қосымша жеңілдіктер енгізілуі керек еді. Алайда тұрақсыз ахуалды ескере отырып, мерекеден кейін эпидемиялық жағдайды тағы екі күн бақылау жоспарлануда. Егер коронавирус инфекциясын жұқтыру азайса, карантин шаралары жеңілдетіледі", - делінген хабарламада.
Дәрігерлер бетперде режимі мен арақашықтықты сақтап, адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес берді.