14:02 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
101 0 0

LRT жобасының жалпы құны - 1,8 миллиард доллар. Осы уақытқа дейін 347 миллион доллардың жұмысы атқарылды

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысына қаржы тарту бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздердің мән-жайын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір банктер консорциумымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мен осы аптада ғана консорциум өкілдерімен кездестім. Бас кезінде кредит Қытайдың даму банкінен алынған. Ол ақша 4,9 процентпен берілді. Бүгінде біз өзіміздің екінші деңгейлі банктерден 3,25 процентпен кредит алу мәселесін талқылап жатырмыз. Бұл алдынғы қарызға қарағанда тиімді кредит болады", - деді Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетері, LRT жобасының жалпы құны - 1,8 миллиард доллар. Осы уақытқа дейін 347 миллион доллардың жұмысы атқарылды. Әкімнің сөзіне қарағанда, қазақстандық банктерден 3,25 процентпен кредит алудың арқасында 800 миллион долларды үнемдеуге болады.

"Бұдан бөлек, EPC келісімшарты бойынша 200 миллион доллар, сондай-ақ станциялар мен жылжымалы құрамды қысқартудың нәтижесінде 150 миллион доллар үнемделді. Қазір осы жобаны аяқтау үшін бізге шамамен 1 миллиард доллар тарту қажет", - деп атап көрсетті Көлгінов.

Консорциуммен келісімшарт рәсімделгеннен кейін құрылысты аяқтау мерзімі белгілі болады. Әкімнің айтуынша, кредит доллармен беріледі. Сол себепті инфляция құрылыстың қымбаттап кетуіне қатты әсер етпейді.

"Бізге алдымен банктер консорциумымен келісім жасау қажет. Келісішартқа қол қойылғаннан кейін оны іске асыру шаралары басталады. Сол кезде құрылыстың бағасы да анықталады. Бірақ кредитті доллармен алатынымызды ескерсек, қатты өзгеріс болмайтын шығар", - деді Көлгінов.

Кілт сөздер:
Астана LRT
Загрузка...

Басты тақырып