Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жүргізушілер айып тұрақтарына баса-көктеп кірді

© Sputnik / Владислав ВодневСнежный коллапс в Нур-Султане
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
Жазылу
Тіркелген, барлық құжаты түгел көліктердің қашан иесіне қайтарылатыны белгісіз
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Елордада адал еңбегімен сатып алған көлігін іздеген жүргізушілер айып тұрақтарына баса-көктеп кірді.   
Жүргізушілердің аз уақыт мінген көлігінің қайда екенін білмей сабылғанына бір айдан асыпты. Полицейлер де жөнін айтпаған. Сөйтсе автокөліктер қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде танылған. Мемлекеттік тіркеу бар, барлық құжаты түгел көліктердің енді қашан иесіне қайтарылатыны белгісіз, деп хабарлады КТК.
Шетелдік көліктің рахатын Нұрсұлтан Мұса тек екі ай ғана көрді. Қазір қаратүсті темір тұлпары айып тұрағында қардың астында көміліп тұр. Ол жақта не себепті тұрғанын көлік иесі толық білмейді. Тіпті көлікті  жұмысынан келіп полиция алып кеткенде аң-таң болыпты.
"Кешқұрым жұмыста отырсам, бір жігіт хабарласты. Өзін полицияның жедел уәкілімін деп таныстырды. Формада емес, кәдімгі қарапайым киімде болды. Көлігім іздеуде екенін, бір қылмыстық іске заттай дәлел ретінде танылғанын, соған байланысты алып кететінін айтты. Бірақ көлікті алу туралы заңды құжатты көрсеткен жоқ. Эвакуатор шақырды да, санаулы уақыттың ішінде алып кетті", - дейді Нұрсұлтан Мұса.
Нұрсұлтан сияқты түсініксіз жағдайға түскен жүргізушілер аз емес. Бәрі де көлігін танымал сайттан сатып алған. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеуден өткізіп, мемлекеттік нөмір алған. Ешқандай айыппұл, салық сол сәтте болмапты. Кейін машиналарының NurAuto.kz компаниясына қатысты қылмыстық іске қатысы барын біліп шошыған. Бірден іске кірісіп әлеуметтік желіде чат құрып, жәбірленушілер бір-бірін тауып алған.
Оқи отырыңыз: Ресей нөмірін таққан көліктерді тексеру басталды – министрлік түсініктеме берді 
"Барлық іс бойынша куәгермін. Бізді жәбірленуші тарап ретінде таныса деймін. Адал сатып алушымын, ескі көлігімді сатып, оған жиған-терген ақшамды қосып жаңалау көлік мінейін деген ниетпен сатып алып едім. Бір апта ғана айдадым. Менің қорқатыным, Nur avto компаниясына қатысты іс біткенде көлігімді алып кететін сыңайлы. Өйткені компания зардап шегушілерге залалды қайтару керек қой. Nur avto-ға менің қатысым жоқ, ол туралы мүлдем естімеппін", - дейді Марат Айтқожин.
Көлігін қайтаруды талап еткен жүргізушілердің арызын Нұр-Сұлтандағы полиция мен прокуратура пысқырмапты. Ал сарапшы мамандар олардың қайта арыздануына құқығы бар дейді. Өйткені көліктердің соңғы иесі оны заңды түрде мемлекеттік тіркеуден өткізіп сатып алған. Заң бойынша меншіктегі затты ешкімнің тартып алуға құқығы жоқ.
"Егер олар тергеушінің іс-әрекетімен келіспесе, бұл шешіммен сотқа немесе прокурорға шағымдануға болады. Менің ойымша тергеушінің көлікті тартып алып, айыппұл тұрағына қоюы дұрыс емес. Көліктің жаңа иесіне машинаны сатпау туралы, ешқайда кетпеу туралы, сотқа шақырылған кезде қатысу туралы қолхат жаздырып алу керек еді. Сол кезде көлік жүргізушінің де, құқық қорғаушылардың да құлағы тыныш болары сөзсіз. Қазір бостан-бос айып тұрағын толтырып тұр", - дейді заңгер Назар Абинов.
NurAuto.kz компаниясына қатысты дау биыл қазан айында басталған. Блогерлер жарнамасымен шақырылған халыққа мұнда өте қонымды шарттармен, арзан бағада көліктер сатылды. Клиенттердің сеніміне кірген компания кейін сатып алушыға қайта хабарласып, ақша қосса бөтен қымбаттырақ көлік алуға болатынын айтады. Темір тұлпарларын күтіп шаршаған клиенттер алданғанын біледі.
Қазір компанияға қатысты "Алаяқтық", "Бірлескен қылмыстық ұйым құрғаны үшін" қылмыстық іс қозғалған. Компанияға қатысты тергеу жүргізіліп жатқан соң, полиция да, прокуратура да ләм-мим дей алмай отыр. Тіпті жазықсыз көлік жүргізушілеріне әрі қарай не істеуге болатыны жөнінде жөн сілтеген жоқ. Заңгерлер мұндай жағдайға кезікпес үшін көлік сатып алар кезде міндетті түрде көліктің тарихын, оны кім және қалай сатып алғанын тексеруі керек дейді. Сатып алу-сату туралы келісімшартты оқуға да міндетті.
Жаңалықтар
0