Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда тұмауға шалдыққандар саны алты есе өсті

© Photo : pixabay.com Лекарства, иллюстративное фото
 Лекарства, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Жазылу
14 жасқа дейінгі балалар инфекцияға көбірек ұшырайды, бұл барлық жағдайдың 60,8 процентін құрайды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша — Sputnik. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері елордада жедел респираторлық вирустық-инфекцияның 44 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Эпидемиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ ауруының 44 392 жағдайы тіркелді, оның ішінде А типті тұмаудың 32 жағдайы, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3748-ді құрады, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен (1.10.2020 ж. – 1.12.2020 ж. дейін) 6,4 есе жоғары.

"14 жасқа дейінгі балалар инфекцияға көбірек ұшырайды, бұл барлық жағдайдың 60,8 процентін құрайды. 1 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлесі 6 процентті, жүкті әйелдердің үлесі 3,3 процентті құрайды. Балалар арасында ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Бұл мектептерде, арнаулы орта білім беру мекемелері, жоғары оқу орындарында оқу жылының басталуымен тікелей байланысты. Жалпы, тұмаумен ауыратындардың 27,8%-і мектеп оқушылары, 16,2%-і – балалар, 7%-і – студенттер", – деді елорда санитарлық дәрігер.

Қазіргі эпидемиялық маусымда қаланың 170 мыңнан астам тұрғыны тұмауға қарсы вакцинациямен қамтылды, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 160 мың адам егілді. Қазіргі уақытта төрт медициналық ұйымда ("Open clinik" МО, "Интертич Астана медициналық Ассистанс" МО, "Medical Аssistance Group" МО, "Архимедес Қазақстан-Астана" МО) "Гриппол плюс" инактивтендірілген вакцинасымен (Ресей), сондай-ақ "Инфлювак" препаратымен (Нидерланд) ақылы негізде егуге болатын вакцинация кабинеттері жұмысын жалғастыруда.

Тұмаудан ең жақсы қорғаныс – иммундау, сондықтан алдын алу мақсатында азаматтарды вакцинациялауға шақырылады. Сол сияқты мынадай шараларды сақтау ұсынылады:

  • адам көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын шектеу;
  • адам көп жиналатын жерлерде маска тағу;
  • аурудың белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болу;
  • қолды сабынмен жуу, құрамында спирт бар, дезинфекциялық майлықтармен өңдеу;
  • әлеуметтік қашықтықты сақтау;

мұрын қуысын тұзды ерітіндімен ылғалдандыру немесе даладан келгеннен кейін тұзды ерітіндімен шаю, оксолин майын қолдану және дәрумендер пайдалану.

Ауру белгілері пайда болған жағдайда асқынулардың алдын алу үшін уақытылы медициналық көмекке жүгіну керек, сонымен қатар инфекция айналасындағы жұрт пен туыстар арасында таралуын тоқтату үшін сақтық шараларын толықтай сақтау керек.

Оқи отырыңыз: 

Тұмаудан толықтай жазылмаса не болады – дәрігер басты қауіпті атады

Елордада тұмауға қарсы екпе алу рекордтық көрсеткішке жетті

Жаңалықтар
0