Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда кейбір сынып оқушылары үшін сабақ болмайды

© Sputnik / Владислав Воднев Школьники зимой
 Школьники зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Жазылу
Қалада автобустар қатынасы да кідіріп қалды. Таңертең аялдамада біраз адам жиналды. Аулада тұрған кейбір көлік қардан шыға алмай қалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша — Sputnik. Ауа райына байланысты астанада кейбір сыныптар үшін сабақ болмайды.

"Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 25.11.2021 екінші ауысымдағы 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді", - деп хабарлады қалалық білім басқармасы. 

Елордада бір тәулікте жауын-шашынның айлық нормасы түсті. Қалың қарға байланысты көлік қозғалысы қиындады.

Қалада автобустар қатынасы да кідіріп қалды. Таңертең аялдамада біраз адам жиналды. Аулада тұрған кейбір көлік қардан шыға алмай қалды. Адамдар бір-біріне көмектесіп, көлік итерді. Ал такси қызметінің бағасы шарықтап кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)

Қазір ауа температурасы минус 8 градус шамасында, қар жауып тұр.

Бұған дейін синоптиктер Нұр-Сұлтанда бұрқасын жүріп, көктайғақ болатынын ескертті. 

© SputnikКаникул күнтізбесі 2021/2022
Нұр-Сұлтанда кейбір сынып оқушылары үшін сабақ болмайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Каникул күнтізбесі 2021/2022
Жаңалықтар
0