Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 90 мың текше метр қар шығарылды

© Sputnik / Абзал КалиевУборка снега в Нур-Султане после снегопада
Уборка снега в Нур-Султане после снегопада - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2021
Жазылу
"Қазгидромет" мәліметінше, 24 қарашада күндіз синоптиктер жауын-шашын, боран, көктайғақ болады деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.  

23 қарашада қар тазалау жұмыстарына 1000 арнайы техника мен 1871 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Қар күреу жұмысы басталғалы бері елордадан 90 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

"Қазгидромет" мәліметінше, 24 қарашада күндіз синоптиктер жауын-шашын, боран, көктайғақ болады деп болжап отыр. Оңтүстік-батыстан 9-14 м / с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 8-10 градусқа дейін төмендейді, күндіз термометр 0 градус шамасында болады.

25 қарашада қар, боран және көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м / с жетеді, ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус аяз болады.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Жүзден аса жол апаты болды: полиция жүргізушілерге үндеу жасады

Жаңалықтар
0