Елорда тынысы

Pfizer Нұр-Сұлтанға жетті: қай жерде салдыруға болады

© AFP 2024 / ALFREDO ESTRELLAСотрудница центра массовой вакцинации передает медику шприц
Сотрудница центра массовой вакцинации передает медику шприц  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2021
Жазылу
Америкалық препарат жиырмадан астам егу пунктерінде қойылады. Pfizer-ді балалар, жүкті және емізулі баласы бар әйелдер салдыра алады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша — Sputnik. Елордада Pfizer препараты қандай пунктерде қойылатыны белгілі болды.

Астаналық қоғамдық денсаулық басқармасының ақпаратына сәйкес, Pfizer-ді салу 15 қарашадан басталады.

"Қаланың медициналық ұйымдарында егу пунктері ұйымдастырылады. Жасөспірімдер вакцинаны мектепте салдыра алады. Алайда жүкті, емізулі баласы бар әйелдерді, балаларды вакциналауға  барлық медициналық ұйым қатыспайды", - деді астаналық басқармада.

Қоғамдық денсаулық басқармасы Pfizer вакцинасын салатын медициналық ұйымдардың тізімін ұсынды:

  •  №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 емханалар;
  •  "Достық" отбасы денсаулығы орталығы;
  • "Жанұя" ЖШС;
  • "Салауатты Астана";
  • "Кировская";
  • "Шипагер" (барлық филиалы).

Тиісті дозалар ұйымдарға үйлестірілді. 12-17 жас аралығындағы балалар (ата-ана рұқсатымен), аяғы ауыр әйелдер мен емізулі баласы бар келіншектер вакцина салдыра алады. 

Елордаға Pfizer-дің алғашқы партиясы 35 мың доза көлемінде жетті.

Жаңалықтар
0