НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ресми мәліметке сәйкес, астанада бір тәулік ішінде 74 жол оқиғасы тіркеліп, салдарынан 1 адам зардап шекті.
"Ауа райы қолайсыздығы мен жауын-шашынға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелері мен жолдағы аралықты мүлтіксіз сақтауға шақырады", - делінген ресми хабарламада.
Осы орайда тәртіп сақшылары дымқыл асфальт ең қауіпті екенін еске салды. Ол түнгі уақытта көктайғаққа айналады. Ондайда көлікті бірден тоқтату мүмкін емес. Осыған байланысты елордалық полицейлер автокөлік иелеріне жазғы шиналарды қысқысына ауыстыруға кеңес беріп отыр.
"Ал жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек. Қолайсыз ауа-райында жаяу жүргіншілер жақындап келе жатқан көлікті көрмей қалады. Осыған байланысты жүргізушілерге қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде аса сақ болуға кеңес береміз", - деп атап көрсетті полицейлер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram