Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда ерекше балалардың аналарына жұмыс табуға көмектесіп жатыр

© Sputnik / Болат ШайхиновВ швейном цехе "Astana Ютария LTd" кипит работа
В швейном цехе Astana Ютария LTd кипит работа  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
"Бақытты шаңырақ" қоры ба мүгедек балалардың аналарына ла күтімі мен шығармашылықты жүзеге асыруды үйлестіретін жұмыс табуға көмектесуде

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Екі жүз астаналық әйел, соның ішінде дамуында ерекшелігі бар балалардың аналары "Бақытты шаңырақ" қорының көмегімен жұмысқа орналаса алды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ата-аналарға арналған мұндай арнайы орталықтарда бала күтімі және табыс табуды үйлестіруге мүмкіндік беретін қызықты жұмыс пен қолайлы жұмыс кестесін сәйкестендіріп береді. Әзірше тек он ана ғана ресми түрде жұмысқа қабылданды.

Екі ерекше баланың анасы Құралай Рахымбаева қор жанындағы сұлулық салонында маникюр жасайтын маман болып істейді.

"Бұрын жұмыс істемедім, мүмкіндік болмады. Балаларды тұрақты түрде дәрігерге көрсетіп, мектепке апару керек болды. Ал қазір жарты күн жұмыстамын. Балаларға қарауға да, ақша табуға да үлгеруге болады. Маған осы жетіспейтін", - дейді Құралай Рахымбаева.

Қор жанында сондай-ақ тігін ательесі бар. Мұнда кәсіби үш тігінші жұмысқа тұрды.

"Мұнда жұмыс істейтін әрбір ана өзінің бар шеберлігін іске қосып, еңбек етуде. Егер бұған дейін олар жалғыз болса, қазір үлкен бір отбасыға айналды", - дейді қоғамдық қордың төрағасы Ботагөз Сұлтанова.

Орталықта аналарға психологиялық қолдау да көрсетіледі.

Қор былтыр мамырда құрылған. Ғимарат пен қаржыландырудың бір бөлігін әкімдік бөлді. Қала бойынша халықтың әлеуметтік осал тобы үшін осы тектес 11 орталық ашылды.

Жаңалықтар
0