06:26 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
68 0 0

Сенбілік кезінде ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызады, қоқыс жинайды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. 18 қыркүйекте елордада "World Cleanup day 2021" бүкіләлемдік тазалық күніне және "Бірге-таза Қазақстан!" республикалық экобастамасына арналған жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

"Дүниежүзілік тазалық күні" – ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген қазіргі заманның ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінен еріктілер жерді қоқыстан тазарту үшін, яғни жағажайлар, өзендер, ормандар мен көшелердегі қоқыстарды жинау үшін бірігеді.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың 42 жыл бұрын сенбілікте түскен суреті жарияланды

Бүгінгі күні іс-шара 130 елде, Қазақстанда "World cleanup Day" 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.

Сенбілік кезінде ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызады, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындарының жағалау учаскелерін тазалайды.

Әкімдік ағаштарды жинау және отырғызу учаскелерін нақтылау үшін Нұр-Сұлтан қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарына  хабарласуды сұрады: Алматы ауданы: +7 (7172) 362767; Байқоңыр ауданы: Ержан Қасымбеков, +7701 1996161; Сарыарқа ауданы: Айдос Түсіппаев Мұратбекұлы, 8702 236 33 35; Есіл ауданы: Жасұлан Қырғызбаев, 8701 628 46 86.

Айта кету керек, барлық іс-шара карантин және шектеу шараларын сақтай отырып өткізіледі.

Загрузка...

Басты тақырып