Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда улы дәрі-дәрмек шашу басталды – әкімдік түсініктемесі

© Photo : пресс-служба Минобороны РКДезинфекция
Дезинфекция - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Ал 7 қазаннан жеке секторды өңдеу басталады. Тұрғындарға арнайы улы препараттар тегін таратылатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы мен "AG Disinfection services" ЖШС бірлесіп ашық кеңістікті дератизациялау шараларын бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ашық аумақтағы дератизация 2021 жылдың 6 қазанына дейін жалғасады. Улы жем саябақтарда, өзендер аумағына, каналдарда, су қоймаларында және зираттар аумағына себіледі. Өңделетін ашық кеңістік ауданы 3112 гектар", - делінген ресми хабарламада.

Ал 7 қазаннан жеке секторды өңдеу басталады. Тұрғындарға арнайы улы препараттар тегін таратылады. Сондай-ақ, мамандар қауіпсіздік шараларын түсіндіреді.

"Дератизация кезінде 25 мыңнан астам тұрғын үй өңделеді. Сақтық шаралары туралы ұмытпау керек және улы дәрі-дәрмек балалардың қолы жетпейтін жерге – жертөлеге немесе жоғары қойылуы керек", - дейді мамандар.

Әкімдік дератизация кезінде қандай препараттар қолданылатынын да жариялады. Олар: бромадиолон және бродефор. Оны кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы ауру таралуын болдырмау үшін пайдаланады.

Жаңалықтар
0