09:36 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
59 0 0

"Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімді ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды

АЛМАТЫ, 15 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы ұрлық жасады деген күдікпен 14 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Мәмбетов көшесіндегі киіз үйге кіріп, жеңсіз жейде мен ұзын кеңжейде ұрлаған. Жасөспірім таңғы сағат 05.40 шамасында шаңырақты бұзып, киіз үйге кірген.

Мүлік иесі 90 мың теңге сомасында шығын келгенін айтты.

"Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімді ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда тағылымдамадан өтіп жүрген бойжеткеннің павильон кассасынан ақша ұрлағаны анықталды.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде 19 жастағы бойжеткенді ұстады. Ол гүл павильонында тағылымдаманың екінші күнінде камераның жоқ екенін пайдаланып, қылмысқа барған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәсін мойындады. Оның ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Тақырып бойынша

Банкке 20 млн алып келген қарағандылықты тонау сәті видеоға түсіп қалды
Полицей киімін киген тараздық жігіт көшедегі адамдарды тонады
Алматыда ер адам өзінің тәтесінен 20 миллион теңге ұрлады
БАӘ 7 көлікті ұрлады деген күдікке ілінген қазақстандықты қайтарды
Еден жуушы әйел бақылау камерасын шүберекпен жауып, ірі көлемде ақша ұрлады
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жасөспірім, киіз үй
Загрузка...

Басты тақырып