06:14 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Елорда тынысы
Қысқа сілтеме алу
41 0 0

Абаттандыру жұмыстары "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" жобасы аясында жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 14 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі алдындағы алаңда жаңа гүлзар салынады. Бұл туралы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басқарма ақпаратына сәйкес, абаттандыру жұмыстары "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" жобасы аясында жүргізіліп жатыр.

"Бос жатқан және қараусыз қалған жерлерде саябақтар мен қоғамдық орындар пайда болады. Осылайша қала тұрғындары субұрқақ жанында, ағаш көлеңкесінде демала алады. Қазір адамдар көпір маңы, емен аллеясы, жаяу жүретін саябақтарда жиі жиналады. Ыңғайлы орта адамның іс-әрекетіне де әсер етеді. Жайлы жерде қоқыс тастау да азаяды. Ыңғайлы әрі әдемі жерлер адамның көңіл күйін көтереді", - дейді сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.

Оның сөзінше, мұндай жұмыстар барлық ауданда жүргізіледі.

Айта кетері, 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық жер, оның ішінде саябақ, гүлзар абаттандырылды. Биыл 190 аула мен қоғамдық жер салынып, жөнделеді.

Загрузка...

Басты тақырып