Елорда тынысы

Төбе жабындысы тұтанған: Нұр-Сұлтанда мектептен өрт шықты - видео

өрт сөндіру көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Оқушылар өрт сөндірушілер келгенге дейін эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда №54 мектеп-лицейінде өрт шықты.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт бүгін таңертең 9:04-те басталған. Бірінші қабаттағы төбенің жылылау үшін қолданылатын жабындысы тұтанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

"Өрт сөндіру қызметіне Байқоңыр ауданы Иманбаев көшесіндегі №54 мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы төбе жабындысының тұтанғанын анықтады. Өрт 15 минут ішінде сөндіріліді", - делінген хабарламада.

Өрт аумағы 8 шаршы метрді құраған. Оқушылар өрт сөндірушілер келгенге дейін эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Оқу процесі жалғасуда.

Өртті сөндіруге сегіз өрт сөндіруші қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Әскери қоймадағы жарылыс: зардап шеккен мектептер қалай жұмыс істеп жатыр

 


 

Жаңалықтар
0