Елорда тынысы

Елордада вакцина салдырғандар арасында пәтер ойнату уақыты ұзартылды

CC0 / / Ключи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Ұтысқа қатысу автоматты түрде жүргізіледі. Ол үшін арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ

АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Елордада вакцина салдырғандар арасында өтетін екі бөлмелі пәтер ұтысының уақыты ұзарды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осылайша 25 маусым мен 28 қыркүйек аралығында (28 қыркүйекті есептегенде) Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындардың екі бөлмелі пәтер ұтып алу мүмкіндігі бар.

Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйі. Ұтысқа қатысу автоматты түрде жүргізіледі. Ол үшін арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді.

Елорда әкімдігі апта сайын вакцина салдырғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізіп келді. Нәтижесінде 19 iPhone телефоны, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, "Алиса" ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш ойнатылды.

Сонымен қатар вакцина салдырғандар арасында бағалы заттарды сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлері де өткізеді.

Мысалы "MEGA Silk Way" сауда ойын-сауық орталығының вакцинация пунктінде 23 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар автокөлік ойнатылады.

Бұған дейін Маңғыстау облысының тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, пәтер ұтып алды. 27 жастағы Қайрат Қосаевқа Ақтау қаласынан жаңадан салынған үйден екі бөлмелі пәтер берілді.

Жаңалықтар
0